Науырзым ауданында еркін күрес негізін қалаушы бапкерлерге арналған облыстық ашық турнир өтті

Ауданымызда еркін күрестің негізін қалаушы бапкерлер Құрманов Бақытжол Жұмашұлы және Қаржаубаев Батырхан Жәукеұлын еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнирі өтті.

Осы айтулы турнирға облысымыздың Қостанай, Арқалық қаласы және Алтынсарин, Жітіқара, Денисов, Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл және Науырзым ауданы қатысты. Жарыста 150 ден астам бозкілем шеберлері бақтарын сынады.

Бүгінгі жарысқа аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, мәслихат төрайымы Гүлсім Әбенова, Батырхан Қаржаубаевтың жары Роза Қаржаубаева, Бақытжол Құрмановтың шәкірті, ісін жалғастырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо күресінен Әлемнің 2 дүркін чемпионы Нұржан Ермағанбетов арнайы келіп қатысты. Аудан басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Нұржан Ермағамбетовке шапан жауып, алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Жуырда ғана Атырау қаласында бокстан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері Ахатов Арман және бапкерлері Айбек Бөкенов пен Қуанышбай Баймұхамбетовке алғыс хат табыс етті. Осы жарысқа арнайы келген қонақтарға жарыстың естелік медалін табыстады.
Бақытжол Жұмашұлы мықты бапкер болды, ауданымыздағы екі мектептің балаларының ішінен шәкірттер дайындады. Солардың ішінде менде тәрбиелендім, ағайдың шәкірттері өте көп, біраз шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті, қазіргі таңда біразы Қазақстанның әр түкпірінде жұмыс жасайды.

Ағайымыз ешқашан ұрыспайтын, есімде жеңіліп қалсақ “сендердің жетер деңгейлерін бар, күресті тастамаңдар, талай нәтиже көрсетесіңдер” деп басымыздан сипап рухтандыратын. Міне, Бақытжол ағамыздың салып кеткен дара жолымен қазіргі таңда өз басым біраз жетістікке жеттім, сол кісінің үйреткен айла-тәсілдерімен шәкірттер тәрбиеледім. Осы турнир 15 жылдан бері дәстүрге айналдырып өткізіп келеді. Болашақ ұрпақ үшін, еліміздің атын әлемге танытатын чемпиондар шығады деп сенемін, аудан басшылықтарына үлкен рахмет, сый-құрметтеріне, жеңісті күндер көп болсын, – деді Нұржан Ермағамбетов.

-Биылғы жарысты екі бапкерімізге құрмет көрсетіп жасадық. Бұрындары бөлек өткізетінбіз, елімізде болған су тасқынына байланысты кейінге шегерілген еді. Міне, бүгін сәті түсіп осы жарысты ұйымдастырдық. Жарысқа келген бозкілемшілер жақсы дайындықпен келген, ішінен ең мықтылары жарыс тұғырына шығады. Осы жарыстың чемпиондарына арнайы белдік дайындалды. Жарысқа ауданның талантты жасөспірімдерімен қатар, облысымыздың басқа қала аудандарынан келген жас палуандар да қатысты. Жарыс барысында 19 салмақ дәрежесінде бәсекелестік орын алды. Бұл шара жас спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсету, тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынастар орнату үшін тамаша мүмкіндік болды, – дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Ерболат Жабағин.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

18 новых двухквартирных жилых домов строят в селе Камысты

На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…

20 минут назад

Камыстинцы стали чемпионами Костанайской области по бирманскому боксу

В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…

3 часа назад

Аулиекольский хореографический ансамбль «Жұлдыз» выиграл путевку на Кавказ

Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)

4 часа назад

Школьники Камыстинского района стали финалистами республиканской олимпиады IQanat

В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…

5 часов назад

За бесперебойной работой железнодорожной магистрали стоит профессионализм коллектива Пресногорьковской станции

О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…

5 часов назад

Денисов ауданы тұрғыны теміржолдан несібесін тауып жүр

Денисов ауданындағы Арыстансор темір жол станциясында таң алакеуімнен жұмыс қыза түседі. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.