Науырзым ауданында “Кітап – дәуір айнасы” атты ашық есік күні өтті

23 сәуірде Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні кең көлемде атап өтіледі.

Айтулы датаға орай еліміздің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы ұйымдастырылуда.

Осы игі бастама аясында Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде де кітап апталығы өз жұмысын бастады. Ұлттық кітап күні – рухани дамуға ұмтылған, кітапты қадір тұтқан оқырман қауымды біріктіретін ерекше мереке. Бұл – сөз өнері мен білімнің, парасат пен танымның салтанат құрған күні.

Аудандық орталық және балалар кітапханасында мерекеге орай «Кітап – дәуір айнасы» атты ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың заманауи мүмкіндіктерін таныстыру және ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттау.

Кітапханаға келген қонақтарды мерекелік көңіл-күймен безендірілген орта қарсы алды. Фойеде мазмұнды кітап көрмелері қойылып, «Менің сүйікті кітабым» атты фотозона ұйымдастырылды. Кітапханашылар оқырмандарға бағыт-бағдар беріп, мекеменің тарихы мен жаңашыл қызметтері туралы кеңінен мәлімет ұсынды.

Ашық есік күні аясындағы бұл шара кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, заманауи мәдени демалыс пен рухани даму орталығы екенін айқын көрсетті. Келушілер кітапхананың жаңа келбеті мен мүмкіндіктеріне оң бағасын беріп, өз әсерлерімен бөлісті.

-Бүгінгі іс-шара ерекше әсер қалдырды. Кітапхана тек кітап алатын орын емес, жан-жақты дамуға мүмкіндік беретін орта екенін тағы бір мәрте түсіндім. Осындай мазмұнды кездесулер жиі ұйымдастырылса екен деймін, – дейді оқырман Бота Хамит.

-Ұлттық кітап күні – оқырман мен кітапхананы жақындататын ерекше мереке. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапхананы заман талабына сай рухани әрі мәдени орталық ретінде дамыту. Бүгінгі ашық есік күні соның бір дәлелі деп ойлаймын. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар жалғасын табады, -дейді аудандық ОКЖ директоры Бейнегүл Тасқынбаева.

Мерекелік күн оқырмандар жадында жылы жүздесулер мен жағымды әсерлерге толы сәттерімен есте қалды. Аудандық орталық және балалар кітапханасы алдағы уақытта да оқырман қауымның зияткерлік дамуына серпін беретін, еркін пікір алмасу алаңы болып қала бермек.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Караван правовой помощи»: специалисты ответили на вопросы жителей Аулиекольского района

В Костанайской области продолжаются выезды «Каравана правовой помощи» в рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон…

15 часов назад

Индустриальная зона города Костаная будет расширена почти на 200 гектаров

О том, что сделано в городах и районах Костанайской области, рассказал Кумар Аксакалов. (далее…)

17 часов назад

Более 100 лидеров школьного самоуправления Костанайской области приняли участие в форуме

Сегодня, 20 октября, в Заречной школе №1 было необычно многолюдно и очень празднично. (далее…)

18 часов назад

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

2 дня назад

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня назад

В Аулиекольском районе перевыполнен план по занятости населения

Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.