Наурыз мерекесі қарсаңында, жыл сайын 18 наурыз елімізде ерекше мәнге ие – Ұлттық киім күні аталып өтеді.
Бұл күн – халқымыздың төл мәдениетін, ұлттық рухын, сәндік өнерін дәріптейтін маңызды мереке. Ұлттық киім – қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы мен талғамын айшықтайтын құндылық. Қазақы киімнің кестесіне, ою-өрнегіне, түстік үйлесіміне қарап, сол заманның өмір салты мен эстетикасын тануға болады.
Науырыз мерекесінің онкүндік наурызнамасы аясындағы ұлттыұ киім күні аудандық мідениет үйінің ұйымдастыруымен аудан мекемелерінің арасында “Ұлттыұ киім-ұлт ажары” атты аудандық байқау өтті. Осы байқауға өз ниеттерін білдірген 7 команда өзара жарысқа түсті.
Жарысқа қатысқан мекеме ұжымдары алдымен жеребе таңдап, өздерін видеоматериал және көрініс арқылы өздерін керемет таныстырып өтсе, келесі кезеңде өздерінің өнерлерін сазнада көрсетіп, ұлттық садәстүр көрсетіп жатты. 3 кезеңде командалар үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарын әкеліп әділ-қазы алқаларына таныстырды. Соңғы кезең байқаудың аты айтып тұрғандай қатысушылар ұлттық киімнен сән үлгісін көрсетті. Әр мекеме ұжымы жас кезеніне байланысты киімдерін киіп, түсіндіріп айтып берді. Жалпы байқаудың 4 кезеңінен сүрінбей өтіп әділ-қазы алқаларының шешімімен 1 орынды Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығы жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды Жамбыл жалпы білім беретін мектебі иеленсе, 3 орын аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі иеленді.
– Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп, заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе, сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса, ұлттық сәнге айналып, қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық киімді ұлықтап жүрейік, осы орайда барлық қатысқан мекеме ұжымдарына алғыс білдіремін – дейді мәдениет үйінің директоры Гүлнұр Жақсылықова.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
This website uses cookies.