Ауданымызда қазақтың ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсаринның 185 жылдығына арналған «Ыбырай ізімен: тәрбие, білім, рух» тақырыбында мұғалімдерге арналған педагогикалық форум өтті.
Форум аясында заманауи білім беру жүйесінің өзекті бағыттарына ерекше назар аударылды. Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және білім беру процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
– Бүгінгі педагогикалық форум – ұстаздар қауымы үшін аса маңызды алаң болды. Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған ағартушылық идеялар бүгінгі заманауи білім беру жүйесімен үндесіп жатыр. Форум барысында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
Біздің басты мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Осы бағытта заманауи технологияларды тиімді пайдалану, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты білімге құштар етіп тәрбиелеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады. Мұндай мазмұнды шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға оң ықпал етеді, дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ақгүл Хамзина.
Форум қорытындысында педагогтер үшін мұндай тағылымды кездесулердің кәсіби дамуға тың серпін беретіні айтылып, Ыбырай Алтынсарин мұрасын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатыны белгіленді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ Фотоны түсірген автор
Пожар не предупреждает о своем приходе. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в Аркалыкский, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько на…
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
This website uses cookies.