Науырзым ауданында тамыз кеңесі өтті

Ауданымызда білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов, мәслихат хатшысы Гүлсім Әбенова, ҚОәББ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Дастан Байешов, аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер-ұстаздар қатысты. Тамыз кеңесінде білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді сараланып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды. Тамыз конференциясын аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тлеубергенов ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында алғаш сөз алған аудан басшысы білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, алдағы жаңа оқу жылында педагогтарға сәттілік тіледі.

Конференцияда аудандық аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ақгүл Хамзина 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Атап өту керек, өткен оқу жылында ауданымыздағы білім беру ұйымдарындағы ҰБТ-ке қатысқан оқушы саны 42 болды. Оқушылардың тестілеудегі білім деңгейі жалпы орта балл – 72,8% құрады. ҰБТ-ның оңды нәтижесінде 15 бітіруші грант иегері атанды.


2025 жылдың 2 қыркүйек күні ауданымыздағы білім беретін 10 мектепте алғашқы қоңырау 1095 оқушымен соғылғалы тұр, 1 сыныпқа мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушылар саны 104 бала, 1 шығармашылық үйі 384 баламен 15 үйірмеге жоспарлануда, 5 мектепке дейінгі мекемелермен 7 шағын ортылықпен жаңа оқу жылын бастағалы отыр.

Сонымен қатар, конференцияда Науырзым жалпы білім беретін мектебінің директоры Гүлмайра Сүйінбекова мен “Балдырған” бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гаухар Нұрғожина баяндама жасап, білім саласындағы жетістіктерді сөз етті.


Жиын соңында білім беру саласына ерекше үлес қосқан ұстаздарға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың және аудан әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Осы айтулы шарада Науырзым ауданының білім саласында өшпес із қалдырған ардагер ұстаздар мен ұлағатты ұстаздарға Науырзым ауданының 60 жылдық төсбелгісі табысталды. Қостанай облысы білім басқармасы мен аудан аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен бір қатар азаматтар марапатталды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Школьница из Денисовского района запустила проект «Обмен учениками»

В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)

17 часов назад

Астана қаласында өткен Мәслихат депутаттарының республикалық форумына сарыкөлдік депутаттар да қатысты

Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. (далее…)

19 часов назад

Сколько детей смогут поступить в специализированные школы в Костанайской области?

Об этом на брифинге РСК сообщила пресс-секретарь управления образования Костанайской области Анна Лазарева. (далее…)

21 час назад

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

22 часа назад

С 1 апреля текущего года начнется прием детей в первый класс

Ожидается, что в этом году в школы области придут порядка 9 тысяч первоклассников. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.