Науырзым ауданында «Жасыл ел» жасағы дәстүрлі түрде жүзеге асуда

Ауданымызда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусым айының басында өз жұмысын бастады.

Дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келе жатқан жоба жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаны қорғау және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Биыл аталған жобаға жергілікті бюджеттен 5 миллион 100 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған келісімшарттың жалпы сомасы 4 миллион 590 мың теңгені құрады. Жобаны жүзеге асырушы – «Инновация білім зияткерлік орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Жазғы еңбек маусымында жасақ құрамындағы жастар аудан аумағындағы тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды абаттандыруға атсалысады. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптап, туған өлкенің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қоспақ.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға және еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

– «Жасыл ел» бағдарламасы – жастарды еңбекке баулудың және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың тиімді тетігі. Жазғы еңбек маусымында жастар тек жұмыс істеп қана қоймай, туған өлкесінің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып, еңбекке деген құрметін қалыптастырады. Биыл да аудан жастарының белсенділік танытып, бағдарламаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысатынына сенімдіміз, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айнұр Хаудан.

– «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысу мен үшін үлкен тәжірибе. Біз ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Еңбек ету арқылы жаңа достар тауып, жауапкершілікті сезінеміз. Осындай жобалар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және еңбекке деген көзқарасын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді, – дейді еңбек жасағының мүшесі Әмір Тілеуберген.

Еңбек маусымы жаз бойы жалғасып, жастар ауданның көркеюі мен тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысатын болады. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың бойында еңбекқорлық, патриоттық және қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттері қалыптасып келеді.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті ұсынған ЖРО

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

1 день назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

2 дня назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

3 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

3 дня назад

This website uses cookies.