Науырзым ауданының атбегілері жыл қорытындысында жоғары бағаланды

11 желтоқсан күні Қостанай қаласында Қостанай облысының ат спорт түрлері бойынша жылдық қорытынды жиыны өтті.

Ұйымдастырылған бұл шара өңірдегі атбегілердің, шабандоздардың бір жыл бойғы жетістіктерін саралап, үздіктерді марапаттауды мақсат етеді.
Жиынға Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тілеубергенов, аудандық ат спорты федерациясының президенті Әлібек Темірбаев, сондай-ақ аудан намысын облыс көлемінде абыроймен қорғап жүрген тәжірибелі шабандоздар қатысты.

Ауданда ат спорты қарқынды дамуда. Биыл Науырзым ауданында ат спортының даму қарқыны айрықша болды. Аудан ішінде 8 бәйге жарысы ұйымдастырылып, оған тек жергілікті шабандоздар ғана емес, көршілес аудандардың да спортшылары қатысып, жарыстар жоғары деңгейде өтті. Бұл — ауданның ат спортына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Жергілікті атбегілер жыл бойы ат даярлау, спортшылардың машығын арттыру, жарыстарға дайындау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Көкпаршылар облыстық және өңірлік бәсекелерде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болып, аудан атын асқақтатты.

Атбегілер мен шабандоздардың еңбегі ерекше атап өтілді. Жиын барысында ауданның ат спортына қосқан үлесі үшін шабандоздарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Марапат алғандар қатарында ауданымыздың жас шабандозы Асқар Төлеңді «Үздік шабандоз» номинациясымен марапатталса,«Құлагер» номинациясы бойынша ауданымыздың «Қаратеңіз» аты, иесі Кожин Нұрлан Балтаұлы иеленсе, Ернар Омаровтың «Ардакүрен» аты «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесіне қатысқаны үшін марапат төрінен көрінді.

Аудандық ат спорты федерациясының президенті Әлібек Темірбаев ат спортының дамуы — бірлескен жұмыстың жемісі екенін атап өтті.

— Биыл ауданымыздың ат спорты жақсы дамып келеді. Бұл — біздің атбегілеріміздің, шабандоздарымыздың, жалпы жанкүйер қауымның бірлігінің арқасы. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірліктің нәтижесінде көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көріндік.

Шабандоздарымыздың еңбегі жоғары бағалауға лайық. Келер жылға арналған жоспарларымызда бар. Аудан тарапынан көкпар, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерін дамытуды жалғастыру, жастар арасында атқа қызығушылықты арттыру.

Сонымен қатар, аудан орталығында ат федерациясының бастамасымен Науырзым ауданында атшабар салу жоспарлануда. Аудандық жарыстарды көбейту, облыстық деңгейдегі ірі турнирлерге қатысу, сондай-ақ жас шабандоздарды дайындауды жүйелі түрде жолға қою көзделуде, – деді ол.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

12 часов назад

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

18 часов назад

Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)

18 часов назад

Жангелдинде егін орағы аяқталды

Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)

2 дня назад

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 дня назад

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.