Науырзым ауданы тарихи мұраларға бай өлке. Ол жерде Қазақстан даласы табиғи кешенінің үздік үлгісі болып табылатын мемлекеттік қорық орналасқан.
Қазақтың қасиетті жерінде баршамызға ортақ киелі жәдігері Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесі, Түркебай әулие Ақанұлының жерленген жері бар. Осындай қасиетті мекенде өлкетану музейінің ашылғаны қуанарлық жағдай.
Қазақ мал баққан ел ғой, сол малымен ақшасын тапқан, тамағын айырған. Отын жинап, сүт кайнатып, қаймағын айырып, майын қолмен алған. Қолмен тартатын машина – сепаратордың қазақ жерінде пайда болуы олардың жұмысын біршама жеңілдетті. Музей қорында тұрған мына сепаратор 1957 жылғы. Ауыл тұрғыны Жолдас Анаев бұл бұйыммен балалық шағын байланыстырады.
–Әкем мен шешем үйленген жылы алған басты және құнды заттары осы сепаратор болған екен. Ол кезде Дана-Бике ауылында тұрамыз. Осы сепараторды ауыл болып, сүттерін тартып, пайдаланған екен. Шешем бұл құралды 90 жылдарға дейін, істен шыққанша пайдаланды. Менің балалық шағымның естелігі, – дейді Жолдас аға.
Ай ӘБДІЛДА
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.