Науырзым ауданындағы егіс алқаптарында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруалар піскен егінді уақытылы жинап, маңдай термен өсірген астықты ысырапсыз қамбаға құюда. Дала төсінде комбайндар тынымсыз қозғалып, еңбек науқанының қызған шағы сезіледі.

Биылғы егін маусымы шаруалар үшін оңай болған жоқ. Көктемде жауын-шашынның жақсы түсуі егіннің көктеп, өсуіне қолайлы жағдай жасағанымен, жаздың аптап ыстығы мен кейінгі құрғақшылық өнімділікке өз әсерін тигізді.

Шаруа қожалық басшысы Павел Ивановичтің айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарланған өнім көлеміне толық қол жеткізу қиын болғанымен, бидайдың сапасы көңіл қуантады.

-Биыл жауын-шашын жақсы жауды. Дегенмен жаздың аптап ыстығы әбігерге салды деуге болады. Құрғақшылықтың әсерінен көздеген центнерімізді ала алмадық. Бірақ соған қарамастан, бидайдың сапасы жақсы, дәннің клейковинасы жоғары. Бұл – біз үшін жақсы көрсеткіш, – дейді Павел Иванович.

Қазір шаруалардың басты мақсаты – егінді белгіленген мерзімде жинап, өнімді шығынсыз қамбаға жеткізу. Әрбір гектардан алынған астық – диқанның тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Егін жинау науқанының сәтті өтуі ауа райына ғана емес, техниканың дайындығы мен еңбеккерлердің ұйымшылдығына да байланысты. Сондықтан шаруалар әр күнді тиімді пайдаланып, науқанды сапалы әрі шығынсыз аяқтауға күш салуда.

Қамбаға құйылған әрбір дән – дала еңбеккерлерінің маңдай тері мен ел ырысының белгісі.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда 900 млн теңгеге үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында биыл үш инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жобалардың жалпы…

2 часа назад

В Денисовском районе пройдёт VI Областной фестиваль спорта среди лиц с инвалидностью

С 7 по 9 сентября село Денисовка станет спортивным центром региона: здесь состоится VI Фестиваль…

3 часа назад

Арқалық-Қостанай рейсінің кестесі өзгеруі мүмкін

Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)

21 час назад

Сегодня в республике отмечается День казахского тазы и тобета

Отмечаемый впервые праздник направлен на сохранение и популяризацию исконных национальных пород собак, которые считаются частью…

22 часа назад

После вмешательства прокуратуры Денисовского района жители Глебовки будут меньше платить за воду

Ранее эту хорошую новость до населения мы уже доносили, но оказалось, что тариф стал доступнее…

23 часа назад

This website uses cookies.