Науырзымда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

 Бүгін, 23 тамызда таңғы сағат 07:00-де Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау ресми түрде басталды. Еліміз бойынша барлық сайлау учаскелері ашылып, Мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Бұл маңызды саяси науқаннан Науырзым ауданының тұрғындары да шет қалған жоқ. Аудандағы барлық сайлау учаскелері белгіленген уақытта өз жұмыстарын бастап, азаматтарды қабылдауға кірісті.

№655 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс бергендердің қатарында ауыл ақсақалы Қайролла Қасымов болды. Ел ағасы өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге азаматтық үнін қосты.

«Бүгінгі таңдау – елдің ертеңіне әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан әр азамат өзінің азаматтық жауапкершілігін сезініп, ел болашағына бейжай қарамауы керек. Ұрпағымыздың жарқын келешегі үшін дұрыс таңдау жасау – баршамызға ортақ міндет», – деді Қайролла Қасымов.

Сайлау учаскелерінде тұрғындарға дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалған. Азаматтардың белсенділігі – ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің саяси жүйесіндегі маңызды кезең. Бүгін әр азамат өз таңдауын жасап, Қазақстанның болашағын айқындауға өз үлесін қоса алады.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3