Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді.
Науырзым ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамай өз таңдауларын жасауда. Елімізде болып жатқан саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, маңызды қадамға дауыс беруге 95 жастағы кейуана Базар Жакунова келді.
№654 референдум учаскесінде тіркелген әжеміз ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады. Ғасырға жуық ғұмырында талай тарихи кезеңдердің куәсі болған кейуана дауыс бергеннен кейін жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен тыныштығын тіледі.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жастарымыз елдің болашағын ойлап, әрқашан бірлікте өмір сүрсін», – деп ақ тілегін білдірді кейуана.
Өз кезегінде №654 референдум учаскесінің комиссия төрайымы Гүлнар Ақсаутова кейуананың белсенділігіне алғыс білдіріп, иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетті.
Қариялардың осындай өнегелі ісі – жас ұрпаққа үлгі. Ел болашағына қатысты маңызды сәтте аға буынның да азаматтық ұстанымын білдіруі көпшілікке ерекше рух береді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Труппа еще не вернулась на родину, но уже шлет отзывы на то, как их встретили…
В канун Дня Республики в селе Троебратское Узункольского района громко звучала музыка и колыхались разноцветные…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
В Костанае наградили победителей областного конкурса журналистов. (далее…)
Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)
Президент также потребовал повысить качество республиканских и местных дорог и развивать инфраструктуру для превращения Казахстана…
This website uses cookies.