
Науырзымдық Алина «IQanat» қоғамдық қорының грантын жеңіп алды
2025 жылдың 13 маусымында Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Алина Валиева Қостанай облысының 17 ауданынан іріктелген 44 талантты сегізінші сынып оқушыларының қатарында IQanat Республикалық олимпиадасының финалдық кезеңіне қатысқан еді.
Нәтижесінде финал қорытындысы бойынша Алина Валиева “IQanat” қоғамдық қорының грантына ие болып, үздік 100 оқушының қатарында Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебіне толық шәкіртақымен қабылданатын болды. Алинаны шын жүректен құттықтаймыз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!
– Мен өте қуанып тұрмын, ішкі сезімді жеткізу мүмкін емес. Осындай жетістікке жету үшін көп дайындалдым. Ең керемет мектепке түсемін деп күткен жоқпын. Тіпті түспей қалам ба деп қатты қорыққаным рас. Өйткені, бұл менің арманым ед. Олимпиаданың екінші-үшінші кезеңдерінен сүрінбей өттім. Міне, мектепке қабылданған оқушылардың қатарынан көрініп жатырмын. Мені қолдаған жанның бәріне алғысымды білдіремін,—дейді Алина Валиева.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31