Науырзымдық аруларға құрмет көрсетілді
Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында ауданымыздың әр саласында еңбек етіп жүрген аяулы аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

Мерекелік шарада өнерпаздар әсем ән айтып, көркем би билеп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қоғам өміріне белсене араласып жүрген бірқатар әйелдерге облыс және аудан әкімінің құрмет грамотасы табысталып, олардың еңбектері ерекше атап өтілді.
Бұл мерекелік кеш әйелдер қауымына деген құрметтің белгісі болып, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Құрметті ардақты аналар, аяулы арулар, қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер отбасының берекесі, қоғамның тірегісіздер. Ауданымыздың дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!, деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Тілеубергенов.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31