Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Джайран Сариевна – 43 жылға жуық уақытын медицина саласына арнаған білікті маман. Ол бүгінде Раздольный фельдшерлік-акушерлік пунктінде патронаттық мейірбике болып қызмет атқарып, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі оны әріптестері арасында сыйлы, ал тұрғындар арасында сенімді маман ретінде танытты.
Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, пациенттерге әрдайым жанашырлық танытып, ақыл-кеңесін аямайтын мейірбикенің еңбегі көпшілікке үлгі. Халық денсаулығын қорғау жолындағы табанды еңбегі мен адалдығы мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, құрметті марапатқа ие болды.
Бұл марапат – Джайран Сариевнаның ғана емес, жалпы ауылдық медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне көрсетілген зор құрмет.
Бұл марапатты алу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Медицина – менің өмірлік таңдауым. 40 жылдан астам уақыт бойы ауыл тұрғындарының денсаулығына қызмет ету – мен үшін парыз. Әрбір науқастың алғысы мен сенімі еңбегіме берілген ең үлкен баға деп білемін. Осындай құрметке лайық деп таныған әріптестеріме және басшылыққа шынайы алғысымды білдіремін, – дейді Джайран Валиева.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған аудандық аурухана
6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…
Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)
Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)
IV Международный театральный фестиваль-конкурс «Алға жетістікке» подарил детям море эмоций и I место. (далее…)
В данный момент на портале госзакупок ведется тендер на озеленение города. (далее…)
This website uses cookies.