Науырзымдық Нұрдәулет еркін күрестен Азия жүлдегері

4 шілде күні Бахрейн мемлекетіндегі Манама қаласында өткен еркін күрестен он бес жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында Науырзым ауданының спорт мектебінің шәкірті Аманжол Нұрдәулет үшінші орынды иеленіп, Азияның қола жүлдегері атанды

Бұл жарысқа Нұрәулеттің дайындығы жоғары болды. Бапкерлерімен барын салып шынығып, жарысқа соңғы екі жеті қалғанда Алматы қаласында арнайы оқу жаттығуға қатысты. Жас спортшыны бұл чемпионатқа дайындаған бапкер Абылғазин Ярмак Нұртазаұлы, ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Азия чемпионатында Нұрдәулет 85 кг салмақ дәрежесінде бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетіп, жартылай финалда Иран балуанынан есесін жіберіп алған. Салмақта айналмалы кездесу болғандықтан Моңғол балуанымен екі рет белдесу өткізгені бар.

– Бұл жарысқа барымызды салып дайындық жүогіздік. Өте жауапты, әрі қиын чемпионат болды. Қарсыластарымның бәрі мықты болды. Дайындалып келгендері белдесуде байқалды, ешбірі оңайға соққан жоқ. Жалпы, елімнің үмітін ақтап жүлделі оралғаныма қуаныштымын! Әлі талай белестері бағындырамыз деп сенемін, – дейді Азия жүлдегері Аманжол Нұрдәулет.

Ел сенімін ақтаған жас спортшы Нұрдәулет 8 шілде күні елге оралды. Жүлделі келген мақтаныштарын халқы ұзақ жолдан құрметпен қарсы алды. Ауданымыздың басшылары Азия жүлдегерін теміржол вокзалынан әсем ән мен тәтті шашу дайындап лайықты құрмет көрсетті.

Көк туымызды өзге ел төрінде желбіретер азаматтарымыз көп болсын! Ал, Нұрдәулетке тілеріміз жемісті белдесулер мен ел құрметі! Облысымыздың, ауданымыздың мақтан етер спортшысы көпке үлгі. Жас жүлдегердің алар асуы әлі алда екеніне сеніміміз мол.

Айгүл САБИТБЕКОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31