Қостанай облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» республикалық байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл – өңірдегі білім саласы өкілдерінің жүйелі жұмысы мен оқушылардың білімге деген құштарлығының айқын көрінісі.
Осы жетістікке Науырзым ауданының оқушылары да өз үлестерін қосып, аудан мерейін асқақтатты.
Атап айтқанда, Ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Раздольный жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Намиг Вахидли қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оның жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Ибраева.
Сондай-ақ Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бөкейхан Балтабай тарих пәні бойынша ІІІ орынды иеленді. Жас дарынды олимпиадаға дайындаған жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Динара Өтегенова.
-«Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болу мен үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Бұл байқау білімімді сынап, өз мүмкіндігімді көрсетуге жол ашты. Дайындық барысында қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген ұстазыма алғысымды білдіремін. Осындай білім додасында ауданымыздың абыройын асқақтатуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Алдағы уақытта да білімімді жетілдіріп, бұдан да биік белестерді бағындыруға талпынамын», – дейді Намиг Вахидли.
Оқушылардың бұл жетістігі – табанды ізденіс пен сапалы білімнің, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әрбір жеңістің артында шәкіртіне сенім артып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздың еңбегі тұрғаны сөзсіз.
Науырзымдық жас жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы ізденістері жемісті болып, алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті ұсынған Раздольный ЖББМ
Чистота родного села складывается из простых, на первый взгляд, вещей: не оставлять мусор после прогулки,…
Жангелдин ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Құпия сатып алушы»…
19 ноября в концертном зале Дома культуры Узункольского района произошло яркое событие. (далее…)
Қамысты ауданында цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. (далее…)
Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…
Жангелдин ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тағы бір маңызды нысан өз жұмысын бастады.…
This website uses cookies.