Ұрпақ тәрбиесі мен ұлт саулығына саналы ғұмырын арнаған қастерлі де жауапты мамандық иелері – педагогтер мен дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше.
Аймағымыздың білім беру және денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша үлес қосқан мамандар мен сала ардагерлері мемлекеттік марапаттардың иегері атанды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Күлтай Бушенеева марапатталды. Өмірін білім саласына арнап, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздың бұл жоғары марапатқа ие болуы – оның білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі мен шәкірттерге сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі қажырлы еңбегінің нәтижесі.
– Бұл марапатты мен үлкен жауапкершілік әрі ұстаздық еңбекке берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Ұстаз үшін ең үлкен жетістік – шәкірттерінің биік белестерді бағындырып, ел болашағына қызмет етуі. Осы жылдар ішінде білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етуге мүмкіндік берген әріптестеріме, шәкірттеріме және қолдау білдірген барша жандарға шынайы ризашылығымды білдіремін,- деді марапат иесі Күлтай Бушенеева.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.