Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді.

Іс-шара барысында 2026 жылдың БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан Тұрақты даму мүддесіндегі Халықаралық еріктілер жылы (IVY 2026) болып жарияланғаны және оның бастамашысы – Қазақстан екені ресми түрде хабарланды. Бұл жыл – еріктілік қызметтің маңызын арттырып, қоғам игілігі үшін жасалатын игі істерді қолдауға бағытталған.

Еріктілер жылының ресми ашылу салтанатынан кейін жастар игі бастаманы сөз жүзінде ғана қалдырмай, нақты әрекетке көшті. Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер тобы жалғыз тұратын тұрғындардың үйлеріне арнайы барып, тұрмыстық жұмыстарға қолғабыс етті. Акция аясында жалғыз тұратын Любовь Добровольский және Жұмакүл Жұмашева апайдың үйіне барды.

—«Қарлы десант» акциясы – нағыз жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі. Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл шара еріктіліктің сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрініс табатынын дәлелдеді. Қар тазалап, отын жарып, көмір кіргізу – қарапайым іс сияқты көрінгенімен, жалғызбасты жандар үшін бұл – үлкен көмек, шынайы қамқорлық. Науырзым жастарының белсенділігі мен ұйымшылдығы өзгелерге үлгі болары сөзсіз. Осындай игі істер жалғасын тауып, еріктілер көмек қол ұшын беруге дайын,- дейді Айнұр Хаудан.

– Бүгінгі жастарға ризашылығым шексіз. Үйіме келіп, ауламдағы қарды тазалап, ағашымды жарып, көмірімді кіргізіп берді. Өзіме ауырлау болып жүрген жұмыстарды еш қиналмай, ұйымшылдықпен атқарып шықты.

Осындай қамқорлық пен жанашырлықты көріп, жүрегім жылып қалды. Үлкенге құрмет көрсетіп, көмек қолын созып жүрген Науырзым жастарына алғыс айтамын,-деді ауыл тұрғыны Любовь Добровольский.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жителей трудоизбыточных регионов страны пригласили переехать в Камыстинский район

Делегация Камыстинского района посетила Кызылординскую область с агитационной работой для привлечения граждан к переселению в…

3 часа назад

В Мендыкаринском районе сформирована коалиция «За народную Конституцию справедливого и прогрессивного Казахстана»

В ее состав вошли депутаты от четырех ключевых политических партий: «AMANAT», «Ауыл», «Ак жол» и…

6 часов назад

В Аулиекольском районе прошла социально значимая акция «Снежный десант»

Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)

7 часов назад

Жанкелдин ауданының ұстазы қаржылық сауаттылық курсынан өтті

Жанкелдин ауданы Иманов жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі Айгүл Қылышбекова 2025 жылғы «Жаһандық құзыреттілік»…

7 часов назад

This website uses cookies.