Науырзым ауданының жас жол инспекторлары тағы бір биікті бағындырып, ауданымыздың ғана емес, Қостанай облысының абыройын асқақтатты.
Жақында Қостанай қаласында Ғ. Байтасов атындағы ХХІ республикалық және мемлекетаралық жас жол инспекторлары слеті өтіп, оған еліміздің әр өңірінен және ТМД елдерінен жас жол инспекторлары қатысты. Слет барысында қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша білімдерін сынап, түрлі бағыттағы сайыстарда өзара бақ сынады.
Осы айтулы додада Науырзым ауданы Докучаев жалпы білім беретін мектебінің жас жол инспекторлары жоғары нәтиже көрсетіп, ТМД елдері арасында І орынға ие болды. Жеңіс – оқушылардың білімін, тәртібін, ұйымшылдығын және жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін айқын танытқан үлкен жетістік.
Жас инспекторлардың бұл нәтижесінің артында олардың күнделікті дайындығы мен ұстаздарының еңбегі тұр. Олар жол ережесін жетік меңгеріп қана қоймай, өз қатарластарына қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге, жол мәдениетін қалыптастыруға белсенді атсалысып келеді.
– Бұл жеңіс біз үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Оқушыларымыздың еңбегі мен талпынысының нәтижесінде осындай биіктен көрінгеніне мақтанамыз. Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Балалардың осы бағыттағы белсенділігі олардың өз өміріне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Жас инспекторларымыздың алдағы уақытта да биіктерден көрінуіне тілектеспіз, – деп бөлісті Докучаев жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азиля Омарова.
Жас жол инспекторларының республикалық және мемлекетаралық деңгейдегі сайыста топ жаруы – аудан мектебінің білім беру саласындағы жетістіктерінің тағы бір жарқын көрінісі. Бұл жеңіс өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, тәртіп, ұйымшылдық секілді маңызды қасиеттердің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Науырзымдық жас инспекторларды айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы сайыстарда да сәттілік тілейміз! Жас жеңімпаздардың әрбір жетістігі – туған ауданның мерейі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Сурет ПБ алынды
Пожар не предупреждает о своем приходе. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в Аркалыкский, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько на…
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
This website uses cookies.