Науырзымдық жас өрендер сахна төрінде

Балалар шығармашылығы үйінің жылдық есеп беру концерті өтті.

Ауданымызда балалар шығармашылығы үйінің жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. «Өнер мен шабыт мекені» атты бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жас таланттардың бір жыл бойғы еңбегінің жарқын көрінісіне айналды. Сахна төрінде өнердің сан қыры тоғысып, әрбір қойылым шынайы еңбек пен шеберліктің нәтижесін айқын көрсетті. Әсем би, әуезді ән, көркем сөз бен заманауи шығармашылық бағыттар үйлесім тауып, көрермен көңілінен шықты.

Балалар шығармашылығы үйінің жылдық есеп беру концертіне Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тілеубергенов қатысып, бір топ шәкірттерді марапаттады.

Концерт барысында жас өнерпаздар өздерінің бір жыл ішінде жеткен жетістіктерін паш етіп, түрлі жанрда өнер көрсетті. Әсіресе, ұлттық нақыштағы билер мен патриоттық әндер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір нөмірден балғын таланттың ізденісі мен ұстаздардың қажырлы еңбегі анық байқалды.

Шараға жиналған ата-аналар мен қонақтар балалардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, олардың болашағына сенім артты. Осындай кештер — жас ұрпақтың бойындағы қабілетті шыңдап, олардың сахна мәдениетін қалыптастыруда үлкен маңызға ие екені сөзсіз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл есеп беру концерті тек қорытынды емес, жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам. Алдағы уақытта да Балалар шығармашылығы үйі дарынды балаларды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында жұмыстарын жалғастыра бермек.

-Бұл күн — жеңімпаздардың жұлдызы жанған күн болды. Халықаралық «Алтын микрофон-2026» байқауының жүлдегері Кенжебай Айслу, республикалық деңгейде биіктен көрінген Балтабай Айсана, Жеңіс Жазира сынды күміс көмей әншілер мен қолөнер шебері Ауезхановна Арузат, домбырашы Мұрат Елдар бастаған бір топ дарынды шәкірттер марапат төрінен көрінді. Бұл марапаттар — кішкентай жүректердегі үлкен мақсаттардың айғағы, біз шәкірттерімізбен мақтанамыз, – дейді балалар шығармашылығы үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Бота Қамит.

Кеш барысында өнерлі өрендер ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық бағыттағы жетістіктерін паш етті. Әрбір қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, залда ерекше рухани атмосфера қалыптастырды. Бұл – тек есеп беру кеші ғана емес, бала көңілдің пәктігі мен өнердің құдіреті тоғысқан тағылымды шара болды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Школа в селе Урожайное, что в Сарыкольском районе, неновая, но… удивительная

Смотрится она так, словно её только что «одели в новые одежды». (далее…)

5 часов назад

Қарасу арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының басшысы марапатталды

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. (далее…)

9 часов назад

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

10 часов назад

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

1 день назад

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

1 день назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

1 день назад

This website uses cookies.