«Өнеріміз саған, Қазақстан!» Торғай төрінде

Жанкелдин ауданында XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Дәстүрлі мәдени шара биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Қостанай облысының 90 жылдығына арналды.

Фестивальге 141 қатысушы қатысып, өнердің он бір жанры толық қамтылды. Бұл – Торғай өңіріндегі шығармашылық әлеуеттің кеңдігін айқын көрсетеді.

Кеш шымылдығы философиялық мазмұндағы бейне көрініспен ашылып, көрерменді терең ойға жетеледі. Алғашқы болып сахнаға Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» халық ансамблі шықты. Бағдарламаны Жандос Жүсіпбектің сөзіне жазылған «Қарт Торғайым – қастерлім!» әнімен Жәуке Оңдаған ашты.

Фестиваль барысында халық әндері мен күйлер, би қойылымдары, заманауи және авторлық шығармалар ұсынылды. «Көктем сазы» биі нәзік қимылдарымен ерекшеленсе, «Көктүрік» этно-композициясы тарихи рухты жаңаша жеткізді.

Биылғы жаңалық – Болат Хамзин атындағы өнер мектебі ұстаздарынан құралған этно-ансамбльдің өнер көрсетуі. Жас ақын Ерболат Айтан «Тау Торғай» туындысын орындап, көркем сөз жанрын лайықты деңгейде танытты.

Кеш барысында сазгер Қалибек Деріпсалдиннің «Қостанай» әні Сүйінғариндер отбасылық ансамблінің орындауында шырқалды. Әзіл-сықақ жанры да назардан тыс қалмады. «Мірдің оғы» театры Сейіт Кенжеахметовтің «Айтылмайтын әңгіме» қойылымын ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ «Миллион алых роз» перформансы мен «Сиқырлы реалити» иллюзионизм шоуы ерекше қызығушылық тудырды.

Фестиваль аясында Қостанай облысының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, өңірдің тарихи-мәдени жетістіктері насихатталды. Сонымен қатар нан өнімдерінен жасалған шығармашылық туындылар көрермен назарына ұсынылды.

Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамбет Бидашев фестивальдің маңызын атап өтіп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасының мүшесі Батырбек Байназаров фестиваль деңгейінің артқанын атап өтті:

«Биылғы фестивальде айтарлықтай өсу бар. Қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Бағдарлама кәсіби деңгейде жасақталған. Жеке орындаушылар мен би ұжымдарының деңгейі жоғары», – деді ол.

Жалпы, Торғай төрінде өткен бұл фестиваль – мазмұны терең, ұйымдастырылуы жоғары, өнердің сан қырын тоғыстырған тағылымды мәдени оқиға болды.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне аудан әкімдігінің қолдауы зор болды.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Автор: Шұға Қоңқабай
Суреттер: Жанкелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

3 часа назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

3 часа назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

3 часа назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

6 часов назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

6 часов назад

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

6 часов назад

This website uses cookies.