Қанат Уәшұлы Кеделбаев Амангелді ауданының әкімі болып тағайындалды

 Қанат Уәшұлы 1970 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген.

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Шөптікөл совхозының құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған.

1995 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың наурыз айына дейін Қостанай облысы Амангелді ауданы Шөптікөл орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

1998 жылдың наурызынан 2002 жылдың ақпанына дейін Қостанай облысы Амангелді ауданы Өтеміс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

2002 жылдың ақпанынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2007 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін Байғабыл ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылғы мамырдан бастапқазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы болып жұмыс істеді.

Қанат Уәшұлы жұмыс барысында өзін іскер, тәжірибелі, табанды, ұйымдастырушылық қабілеті  жоғары маман, сауатты басшы ретінде көрсете білді.

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31