Заманында даңқы алысқа кеткен, талай игі жақсының кіндік қаны тамған Орқаш ауылы бүгінде уақыттың тәлкегіне ұшырап, жұрт көші үдерген, мұңы мен сағынышы қабаттасқан мекенге айналды.

Бұл өңірде Бабасан, Қара Қағай, көріпкел Жәудір әже, Байсары, Толысбай, Күмпей, Бажыр батырлар мен Сейітжан жырау сынды тарихи тұлғалар өмір сүрген. Бір кездері ауылдың ахуалы жақсы, тұрмысы сайлы еді. Мектебі, мәдениет үйі, спорт кешені мен шаруашылық нысандары жұрттың берекелі тіршілігінің белгісі болатын. Алайда 90-жылдардың тоқырауымен бірге ауылдың тамырына балта шабылды. Жұрт амалсыздан жан-жаққа көшіп, Орқашта бүгінде небәрі он екі түтін ғана қалып отыр.

2019 жылы ауылдағы жалғыз екі қабатты мектеп жабылып, кейін ғимараты бұзылды. Бір кезде үш жүзден астам бала білім алған мектеп бүгінде қаңырап бос тұр. Кезінде ел рухын көтеріп тұрған мәдениет үйі мен спорт кешенінің, кең қой қораларының да қазіргі күйі – ішті ауыртар көрініс. Ауыл тұрғындары үшін ең үлкен қиындық – жол.

«Қиыршық тас төселгенімен, ол жеңіл көліктерге қолайсыз, дөңгелектерін жарып жібереді. Қыстың боранды күндері жол мүлде жабылып, қатынас үзіледі. «Өзіңіз көрген шығарсыз, Алтынсариннен кейін бізге жететін жолға қиыршық тас төселген. Жеңіл көліктердің дөңгелегін шыдатпай, жарып жібереді», – дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Аманов.

Ауыл кезінде қой шаруашылығымен аты шыққан. Өлке жайылымға бай, табиғаты ерекше. Тіпті жер астынан тұз шығып жатқан ерекше аймақ саналады. Ақтөбе облысымен шекаралас жатқан Орқаш – тарихи да, табиғи да бай мекен. Дегенмен осындай әлеуетке қарамастан, жолдың нашарлығы, инфрақұрылымның ескіргені ауылды артқа тартуда.

Соңғы жылдары біртіндеп өзгерістер де болып жатыр. 2023 жылы Beeline компаниясы 30 метрлік антенна орнатып, 4G интернет байланысын қосқан. Оған дейін ауылдықтар сыртпен хабар алмасудың азабын тартып келген. Су жүйесі жер асты құдықтарынан және бұлақтардан тартылған, тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отырған жоқ. Биыл көршілес жатқан «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев ауыл балаларына ойын алаңын салып беріпті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда қазақы салтты ұстанған Светлана

Қарғалы ауылындағы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі. (далее…)

18 минут назад

Супруги Мырзасарины из Наурзумского района за 13 лет совместной жизни выстроили настоящую крепость семейного счастья

На казахстанской земле на протяжении многих десятилетий мирно сосуществуют представители более 130 национальностей. Они строят…

5 часов назад

Наурзумский район активно участвует в ежегодной акции «Марш парков»

Напомним, это международная общественная акция, которая проводится ежегодно для поддержки и сохранения заповедников, национальных и…

5 часов назад

Денисов өнерпаздары облыстық фестивальде ерекше көзге түсті

Қостанай облысының аумағында «Өнеріміз саған, Қазақстан!»  шығармашылық керуені бастау алды. (далее…)

5 часов назад

Қарасуда өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына беруде

Қарасу ауданында өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде білім алуға ынта білдіруде. (далее…)

5 часов назад

Науырзымдық жас былғары қолғап шеберлері сынға түскен дүбірлі дода

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде. (далее…)

5 часов назад

This website uses cookies.