Қос түлікті қатар сауған қамыстылық сауыншы

Орайхан Қайса жайлы бір үзік сыр.

Ауылдың берекесін сақтап отырған – қарапайым еңбек адамдары мен жұмысшы мамандар. Олар кешегі қайнаған еңбектің ортасында жүріп, бүгінде зейнет жасына жетсе де, қасиетті мекенінен алыстамаған жандар. Сондай адал еңбегімен ел құрметіне бөленген жанның бірі – Қарабатыр ауылының тұрғыны Орайхан Қайса.

Орайхан Қайса 1964 жылы 21 қаңтарда Моңғолияда дүниеге келген. Малшы отбасында өсіп-өніп, ата-анасының еңбегін көріп ер жетеді. 1991 жылы тарихи отанына қоныс аударып, Қарабатыр ауылына қарасты Қаракөл елді мекеніне орналасады. Сол жылдары «Қарабатыр» ЖШС агрофирмасында қырман жұмысында еңбек етеді.

Кейін Қаракөл бөлімшесі тараған соң, Қарабатыр ауылына көшіп келіп, сауыншы болып жұмысқа кіріседі. Зейнетке шыққанға дейін бие мен түйе сауып, қымыз бен шұбат баптаумен айналысады.

«Ол кездегі талап басқа. Технология жетілмеген. Шаруашылық жұмысының көпшілігі қол жұмысымен, кетпен-күрекпен атқарылды. Сол қиындыққа шыдап, замандастарымен бірге еңбекте аянып қалған жоқ. Күніне жиырмаға жуық сиыр, бес бие, үш түйе сауылатын. Сиыр сауу айтуға жеңіл болғанымен, қымыз бен шұбаттың күтімі ерекше еңбекті талап ететін. Сол ауыр бейнеттен кейін үйімізде де келін атқаруға тиіс бітпейтін тірлік күтіп тұратын», – деп еске алады өткенді апамыз.

Ол жұбайымен бір күнде, бір жылда туған екен. Өмірлік серігі Болатхан Үркімбай Моңғолияда көмір шахтасында еңбек етті. Кейін тарихи отаны Қазақстанға көшіп келгеннен соң механизатор болып жұмысын жалғастырды. Кейін денсаулығына байланысты жеңіл жұмысқа ауысып, қырманда күзетші қызметін атқарған.

– Жастық шақта шаршау дегенді сезбейсің. Көктемнен күзге дейін шаруаның қызған шағы толастамайтын. Мал төлдету, сиыр сауу, жазда бие мен түйені қатар сауу – бәрі бір арнада жалғасып жататын, – деп еске алады зейнеткер.

Орайхан апа – бір әулеттің ұйытқысы, ардақты ана, аяулы әже. Жұбайы Болатхан ағамен бірге үш бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олардың барлығы жоғары білімді мамандар. Тұңғышы Астанада тұрып, өз отбасын құрған. Қызы Адаев ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ал кенже ұлы Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Келіні де сол мектепте қызмет етеді.

2025 жылдың қаңтар айында зейнетке шыққан Орайхан апа бүгінде өткен өмір жолына ризашылықпен қарайды. Ол үшін адал еңбек – өмірінің мәні.
Бар ғұмырын қара жұмысқа арнаған ардақты ана өткен әрбір сәтін бағалайды. Бүгінде шаруашылықта еңбек еткен жылдары артта қалғанымен, талай жылға естелік болар керемет кезеңді абыроймен өткізгеніне қуанады. Жастайынан бірге араласып, құраласқан ұжымдағы әріптестерімен бірге жұмыстың тиісті дәрежеде орындалуына атсалысқанына дән риза.

Қазір зейнеткерлікке шықса да, Орайхан апаға деген ауылдастарының құрметі ерекше. Өйткені ол – нағыз еңбек адамы деген атаққа лайық жан.

– Мен бақытымды қарапайым еңбектен тапқан жанмын. Қатардағы қырманшылықтан бастап, сауыншылықтан зейнеткерлікке шықтым. еңбектен ажырамай жұмыс істеп, бала-шаға тәрбиелеп өсірдім. Жұмысым өзіме қатты ұнады. Отыз жылдан астам еткен еңбегімнің арқасында құрметке бөлендім. Шаруашылықтың әрбір жұмысшысының лайықты марапат алуына атсалыстым. Осы жылдар ішінде ешқашан қара жұмыстан қашқан емеспін, – дейді Орайхан Қайсақызы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қарасу ауданында көктемгі су тасқынына дайындық күшейді

Қарасу ауданы көктемгі тасқын судың қауіп-қатері бойынша «қызыл» аймаққа енгізілгені белгілі. (далее…)

9 минут назад

Қамыстыда дала жұмыстарына дайындық қалай?

Биыл егіске 34,8 мың тонна тұқым дайын. (далее…)

23 минуты назад

Қарасуда шахмат үйірмесіне қызығушылық артты

Қарасу ауданында шахматшы балалардың бір шоғыры өсіп келеді. (далее…)

1 час назад

Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)

19 часов назад

На территории Наурзумского района были проведены взрывные работы

С приходом долгожданного весеннего тепла в Наурзумском районе началось активное таяние снежного покрова. (далее…)

21 час назад

В селе Узунколь завершился открытый областной турнир по дзюдо «Весенние каникулы»

Соревнования собрали рекордное число участников – 250 юных спортсменов из Аркалыка, Костаная, Рудного, Федоровского и…

21 час назад

This website uses cookies.