Қостанай облысында тағы бір мектеп жабылу алдында тұр

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Бейімбет Майлин ауданында болды

Сапар барысында аймақ басшысы аудандағы тауар өндірушілер мен Асенкритовка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Тұрғындармен кездесу барсында Қызылжар ауылының тұрғыны арнайы әкіммен кездесу үшін келгендігін айтты.

– Біріншіден біздің ауылымызда газ жоқ, ал екіншіден интернет мүлдем істемейді және үшінші сұрақ мектептің дамуы. Бірнеше жыл бұрын дәл осындай кездесу өтті. Ауылымыз дамиды, басқа отбасыларды көшіріп алып келеді дегенді істідім, алайда ешқандай өзгеріс жоқ, – дейді Қызылжар ауылының тұрғыны.

– Қызылжар ауылына газ өткізу мәселесі жоспар бойынша 2024-2027 жыл аралығында тұр. Алайда, қазіргі техникалық құрылғыларды алуға байланысты ол жұмыстардың уақытылы орындалуы бірталай. Өйткені Николаевка ауылына газ тарату үшін енді ғана техникалық құрылғыларды алып отырмыз. Оған қоса Қызылжар мен Апановка ауылдық округтері бойынша жұмыстар қарастырылып жатыр. Мектеп жайында айтатын болсақ, жыл сайын мектеп оқушыларының саны төмендеп барады. Бірнеше жыл бастауыш сыныпты ұстап тұруға тырыстық, алайда, бала саны көбейіп жатқан жоқ, – деп жауап берді Асенкритовка ауылының әкімі.

Қазіргі таңда Қызылжар ауылдық округінде 9 сыныптық мектеп бар. Жалпы 21 бала ғана білім алып жатыр. Бастауыш сыныпты 3 бала білім алады, ал ауылдың 13 баласы Асенкритовка мектебіне автобуспен келіп оқиды. Сондықтан бұл мектепті жабу жөнінде іс қарастырылып жатыр.

Кездесу соңында облыс әкімі бұл сұрақтарды аудан әкімі, ауыл әкімі және кәсіпкерлермен шешкен жөн екендігін айтты. Өйткені жұмыс орындарын көбейсе, отбасыларда келеді деген үмітте.

Аяжан СЕРІК
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін»

Продолжая нашу рубрику о жизни в отдаленных уголках района, сегодня мы отправляемся в небольшое село…

1 день назад

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін» и верят, что с…

2 дня назад

Меңдіқара аудандық ауруханасы халық денсаулығы күзетінде

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. (далее…)

2 дня назад

Денисов ауданының Свердлов ауылында мейірімді дәрігер тұрады

Осы күнге дейін қаншама медицина маманымен сұхбаттасыппыз. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.