Елордада өткен «Astana stars» дарынды балалар мен жастарға арналған байқауынан Жанкелдин ауданы «Danas» шығармашылық орталығының өнерпаздары жеңіспен оралды.
14жасқа дейінгі жас ерекшелік бойынша Айназ Қарағұл Қ.Ахмедияровтың «Той күйі» күйін нақышына келтіре орындап қазылардың көңілінен шықты. Нәтижесінде қос «Бас жүлдені» жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі жас ерекшелігі бойынша Жанбота Орманбек А. Жайымовтың «Шаттанамын» күйін тартып, топ арасынан үздік деп танылып жүлделі I орынды иеленді.
– Бізді байқауға дайындап, домбыра мен жетігенің қыр сырын үйреткен ұлт аспаптар бөлімінің жетекшісі Елдос Қасым мен жетіген бөлімінің жетекшісі Перизат Қалабайқызына айтар алғысымыз шексіз. Тынымсыз ізденіс пен дамылсыз дайындықтың арқасында осындай үлкен дәрежеге жеттік. Бұл біздің ғана емес ауданымыздың абыройы. Алдағы уақытта халықаралық байқауларда бақ сынап, Қостанай облысының мәртебесін көтереміз, – дейді қос өнерпаз. Қазақстанның әр өңірінен алпыстан аса қатысқан өнерпаздардың ішінен топжарған жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Алматы, Астана, Атырау, Қостанай қалаларынан келген жастар мен балалар әр жас ерекшеліктеріне байланысты би, вокал, аспаптық өнер бөлімдері бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Байбатыр Ахметбеков
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.