Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған игі бастамаға Құрылтай депутаттары қолдау білдіріп, аудан тұрғындары жаппай атсалысты.
Туған жердің көркеюі – оған деген жанашырлықтан басталады. Ал елді мекеннің жасыл желекке бөленуі – бір күндік жұмыстың емес, ортақ жауапкершілік пен тұрақты еңбектің нәтижесі. Осыны мақсат еткен Торғай өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Астана қаласынан арнайы жеткізілген 500 түп көшет аудан орталығы мен Аралбай ауылының аумағына отырғызылды.
Игі бастамаға Торғай өңірінің тумалары, Құрылтай депутаттары Ербол Адаев, Шынасыл Ерназаров және Шота Оспанов қолдау көрсетті. Олардың көмегімен жеткізілген көшеттерді отырғызу жұмысына 200-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері де ортақ іске жұмылып, аудан саябақтарын көгалдандыруға және аумақты тазартуға атсалысты.
Торғай селосының әкімі Кемеңгер Қарағұлұлының айтуынша, аудан орталығындағы шамамен төрт гектар аумаққа 450 түп көшет отырғызылған. Оның ішінде 150 түп қарағаш, 200 түп ирга және 100 түп ырғай бар. Ал қалған 50 түп көшет Аралбай ауылына жөнелтілген.
– Ел қамын ойлап, туған жердің көркеюіне қолдау білдірген азаматтарға алғысымызды айтамыз. Депутаттарымыздың көмегімен аудан орталығындағы саябақтар жаңа көшеттермен толықты. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және қоғамдық орындарды көркейтуге ықпал етеді деп сенеміз, – дейді ауыл әкімі.
Жасыл желектің көбеюі елді мекеннің ажарын ашып қана қоймай, қоршаған ортаның сауығуына да септігін тигізеді. Әсіресе, ағаш отырғызу жұмысына түрлі сала өкілдерінің бірлесіп қатысуы – қоғамдағы ынтымақ пен ортақ іске деген жауапкершіліктің көрінісі. Бірі көшет отырғызса, енді бірі оны күтіп-баптауға үлес қосады. Осындай қарапайым қадамдар арқылы табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасады.
Дегенмен, егілген көшеттердің жерсініп, жайқалып өсуі үшін алдағы уақытта жүйелі күтім қажет. Өйткені бүгін топыраққа тамыр жайған әрбір көшет ертеңгі күні саялы баққа айналып, келер ұрпаққа қалатын жасыл мұра болмақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған Торғай селосының әкімі
На встрече, организованной КСТУ им. З. Алдамжар, представители колледжей и школ, а также специалисты предприятий…
Главной целью визита стало непосредственное общение с местными жителями, изучение актуальных вопросов и проблем, волнующих…
В 2021 году парень уже получал Гран-при конкурса «Жас толқын», спустя пять лет вновь стал…
Профессию бухгалтера нередко представляют как монотонную и не слишком интересную работу, состоящую из бесконечных цифр,…
Қамысты ауданында цифрлық технологияларды дамыту, шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту және мемлекеттік қызметтердің…
«Таза Қазақстан» жұмыстары жалғасуда. (далее…)
This website uses cookies.