Арқалықта жаңа монумент бой көтерді. Тәу ететін киелі орынның ашылуына қаладағы ақсақалдар мұрындық болған.
Монумент ашылғаны күні арқалықтық бір топ ақсақал, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, аруақтарға құран бақыштады.
-1937-1938 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргін құрбанына айналды. Бүгінгі ұрпақтың борышы осы жылдары жазықсыз құрбан болған жандардың есімдерін ұмытпай, тәу ету, – дейді Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров.
ҚР Мәдениет қайраткері Ораз Нұрғали зұлмат құрбаны, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әнін нақышына келтіре орындады.
Жиналғандар тәу етушілер шерлі жылдарда шейт болған бейкүнә жандардың рухына тағзым етті.
Репрессия жылдары Қостанай облысында 121 түрлі ұлтқа жататын 7000 адам жазықсыз ажал құшты.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
В районной больнице появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…
Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)
Вывезли свыше 4 000 тонн мусора. (далее…)
Жеңімпаздарға 100 мың теңге табысталды. (далее…)
This website uses cookies.