Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік салтанат өтті

Кіреберіс залында аудан мектептері оқушыларының қолдан жасаған өнер туындылары қойылды

Бұл шығармашылық қолөнері «Дәуірдің дара тұлғасы» атты кітіп көрмесімен ұштасты. Ал, LED экранда «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!» – деген жазу мерекенің мәнін одан сайын аша түсті. Салтанатты шара мемлекеттік әнұранмен ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Марат Шымырбеков құттықтау сөз сөйлеп, бір топ адамды марапаттады.

Айталық, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай Қостанай облысы әкімінің Алғыс хаты білім саласының ардагері Валерий Стародубқа табысталды.

Сонымен қатар, ұзақ жылғы және адал еңбегі үшін және ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай Сарыкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасына Қара-Оба ауылының еңбек ардагері Тұрсынзада Әсембеков, Тимирязев фельдшерлік-акушерлік пунктінің учаскелік мейірбикесі Айғаным Әбитаева, Веселый Подол мектебінің мұғалімі Светлана Ванжа, Веселый Подол ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Дана Жаркенбаева, «СарыкольДорСтрой» ЖШС механизаторы Василий Камелин, «Уразбеков» ШҚ маманы Байтас Махин, «Халық банк» АҚ операциялық-кассалық бөлімінің бастығы Ирина Таутвидас, аудан әкімдігі аппаратының бас маманы Валентина Уразова және Комсомол ауылдық округінің әкімі Рахимбай Шәріповтер ие болды. Бұдан бөлек, бала тәрбиесіндегі қажырлы да жанқиярлық еңбегі, отбасы мен рухани құндылықтарды сақтауға қосқан үлесі үшін және ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу құрметіне Сарыкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Дәметкен Иргибаева марапатталды.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты. Сарыкөл, Алтынсарин аудандары мен Тобыл қаласының өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31