Аудан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
27 тамызда аудан әкімі Крылов, Барвин және Комсомол ауылдарындағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыстарды бақылап қайтты.
Алдымен, Крылов ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын қарады. Ондағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінгі таңда нысанның шатырын жабу басталған. Осы аптада есік, терезелері орнатылады. Бұл нысанды тапсыру мерзімі қазан айының басына жоспарланған. Жауапты мердігер сол уақытқа дейін тапсыратындықтарын айтты.
Одан кейін әкім Барвин ауылындағы су резервуарының жұмыстарын бақылап қайтты. Онда да жұмыстар бір қалыпты деңгейде жүріп жатыр. Алдағы уақытта резервуар орнатылған алаң қоршалмақ. Жалпы, ауыл ішінде 200-ге жуық құдық орнатылып, өрт гидрантары да іске қосылған.
Сонымен қатар, аудан басшысы үш жылдық жоспар аясында жүзеге асырылып жатқан Комсомол ауылындағы су құбырының құрылысын да барып көрді. Бұл жердегі жұмыстар өте жақсы деңгейде жүріп жатыр. Ауылішілік су жүйелері түгел тартылған, енді су сору станциясының жұмысы аяқталуға жақын қалды.
-Жұмыстарды жүйелі әрі сапалы орындап, нысандарды уақытында пайдалануға беру керек. Бұл менің жіті бақылауымда болады, – деді аудан әкімі Марат Шымырбеков.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)
Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. (далее…)
Об этом на брифинге РСК сообщила пресс-секретарь управления образования Костанайской области Анна Лазарева. (далее…)
Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…
Ожидается, что в этом году в школы области придут порядка 9 тысяч первоклассников. (далее…)
Такая тенденция держится последние 3 года. (далее…)
This website uses cookies.