Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті.
Көптен күткен кешті жас ақын Бекзат Әбіқан арнаумен ашып, тұшымды ойларымен тыңдармандарды тамсандырды. Одан әрімен аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Абай Сейдахметов жетекшілік ететін қазақ ұлт-аспаптар ансамблі Қазанғаптың «Ақжелең» күйі нақышына келтіре орындалып, қалың көрерменге ұлттық мұрамызды қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды. Абай Нағашыбайұлы қазақ ұлт-аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындаған «Қостанай – ару қалам» әні туған қаламызға қайта ғашық қылғандай сезім сыйлады. Күйдің әрбір әуенін жеткізе білген Қайсар Ниязұлы, Шыңғыс Төлепберген және Бағдәулет Еркін сияқты талантты жігіттер ойнаған күй тартысы да көрерменнің жүрегіне жетіп жатты.
Сонымен қатар, «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалар» монологы, Біржан салдың «Шәйлім шырақ» әні, Бауыржан Атаевтың «Алаш аманаты» және «Бабалар рухына тағзым» әні сарыкөлдіктерді бір рухани серпілтіп тастады. Рысжан Біржанқызының әуелете орындаған «Сағындым сені» әні де кештің көркін кіргізіп, ерекше әсер сыйлады. Бұдан бөлек, «Вдохновение» вокалдық ансамблі «Мельница» әнімен ерекшеленсе, бишілер де барын салып, бір кісідей атсалысты.
-Фестивальдің жоғары деңгейде өтуі бір жағынан өнерпаздардың сапалы дайындалғанын көрсетсе, ал екінші жағынан аудан әкімшілігінің өнерге деген қолдауы мен көмегінің арқасында жүзеге асқанын айғақтады. Жалпы, сахнаның безендірілуі, дыбыс сапасы және көрерменге арналған ұйымдастыру жұмыстарының барлығы да кештің сәнін келтіріп, өнер кешінің сәтті өтуіне ықпал етті, – деп өз тілектерін білдірді қазылар алқасы.
Міне, осылайша ұзақ есте қаларлық әсер сыйлап, көрерменнің де, қазылар алқасының да көңілінен шыққан кеш қорытынды есепте жүлделі орындардан көрінеді деп сенеміз.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
This website uses cookies.