Сарыкөл ауданында Құрылтайға келушілердің саны арта түсті

 Әр таңдау – ел үшін жасалған маңызды қадам.

Бүгін еліміздің барлық өңіріндегі сияқты Сарыкөл ауданында да сағат 7:00-де сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды.

Сайлау учаскелерінің ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Сарыкөл кентінде алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында аудан орталығының тұрғыны Гүлбаршын Жүргүмбекова бар. Ол өзінің сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

– Мен елімізде өтетін сайлаулардың барлығына үнемі қатысып келемін. Бүгінгі Құрылтай депутаттарын сайлау – еліміз, халқымыз үшін маңызды саяси оқиға. Белсенді азаматтық ұстаным танытып, дауыс беру арқылы өз еліміздің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын айқындауға үлес қосу – әр азаматтың парызы деп есептеймін, – дейді ол.

Айта кетейік, алғашқы дауыс берушілерге сайлау комиссиялары тарапынан символикалық сыйлықтар табысталып, сайлаушыларға тәттілер ұсынылуда.

Сарыкөл ауданындағы сайлау науқаны 30 сайлау учаскесінде өтуде. Барлық сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1