Сарыкөл ауданының әкімі чемпионды қабылдады

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғарин Мәскеуде өткен бірінші әлем чемпионатында абсолютті нағыз жекпе-жектен (армиялық қоян-қолтық ұрыс) алтын медаль жеңіп алған Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенті Дмитрий Барабаш пен оның жаттықтырушысы Олжас Қожагилдинді қабылдады

Ел абыройын асқақтатқан жас спортшыны осы жеңісімен арнайы құттықтап, оларға алдағы уақытта да толағай табыстар тіледі.

– Тек Сарыкөл ауданының ғана емес, ел мерейін асырып, абыройын асқақтатыңыз. Алдағы уақытта да айтулы додаларда намысты қолдан жібермей, спорт саласындағы жетістіктеріңізді еселей беруіңізге тілекшіміз,- деді Амантай Кәкімбекұлы.

Сонымен қатар, аудан басшысы өз атынан алғыс хат және демеушінің көмегімен арнайы ақшалай сыйлықтардың сертификатын табыстады.

Айта кеткен жөн, Дмитрий Барабаш қатысқан додаға әлемнің 17 елінен 560 мықты балуан қатысты. Ал, қазақстандық спортшылар абсолютті жекпе-жек бойынша бірінші әлем чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орын алды. Ең мәртебелі төрт марапаттың бірі жерлесіміз Дмитрий Барабашқа тиесілі екені мақтауға тұрарлық. Бұл оның бапкері Олжас Қожагилдин мен әкесі Владимир Барабаштың ең биік жеңісі екені сөзсіз.

– Барлық спортшылар мықты болды. Үздік үштікке кіру ниетімен, жақсы көңіл күймен бардық. Бірінші күні Дмитрий үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, «Кимоно кию» бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды, – дейді тәжірибелі жаттықтырушысы Олжас Бауыржанұлы. 

Біз де талантты спортшыны осы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да ел намысын асқақтата беруді тілейміз!

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31