Сарыкөлдік екпе алып, ноутбук ұтып алды

20 қыркүйек күні жүлдегерге жүлдесін табысту үшін облыстық кәсіподақ филиалының маманы Дамир Дәулетәлиев мектепке арнайы келіп, ұтыс иесін құттықтап, сыйлығын табыс етті

– Шараның басты мақсаты – білім қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыру. Оған қоса коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың мәнін түсіндіріп, қарқынын жеделдету. Акция барысында қатысушылардың аты-жөні жазылған қағаздар жабулы күйінде барабанға салынып, оны айналдыру әдісімен қолға іліккенін таңдау арқылы жеңімпаздар анықталды. Ең басты сыйлық айфон болды. Біздің жерлесімізге «Lenovo» ноутбугі бұйырып отыр, – дейді Дамир Мұратұлы.

Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектебінің техникалық қызметкері Арнагүл Әбішова тамыз айының аяғында екпе алады. Оның алғандығы туралы ақпаратты мектеп әкімшілігі облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген акцияға жібереді. Аймақтың түкпір-түкпірінен қатысқан 70 адамның ішінде біздің жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

– Мен үшін күтпеген сыйлық болды. Қуанышымда шек жоқ. Үйде екі студент қызым бар, оның біреуіне биыл ноутбук алып берген едік. Енді міне, екіншісіне осы ұтып алған жүлдемді беретін боламын, – дейді жүлдегер.

Сонымен қатар, Арнагүл Сұлтанқызы барша сарыкөлдіктерді екпе алуға шақырып, өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін жеткізді.

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31