Сарыкөлдіктер қыстың қиындығын көруде

Сарыкөл ауданындағы орман шаруашылығына жақын маңдағы

 

Островное елді мекенінің тұрғындары жол тұрмақ, ауыл ішіне қатынаудан қалғанын айтады. Бұл туралы бізге ауыл тұрғындары дәлел боларлық фото дерек жіберіпті.

Орман шаруашылығының басшысы Рашид Раисов: «Біз бұл іске жауапты емеспіз!» деп ту баста кесіп айтыпты. Мәселенің анық-қанығына жеткісі келген тұрғындар осы елді мекеннің үстінен қарайтын Сорочин ауылының әкімі Ермек Шопағұловқа бірнеше рет хабарласқан. Дегенмен, жергілікті билік өкілдерінен қайыр болмаған соң, сол ауылдың тумасы Николай Янусов техникасымен қазіргі өзі тұрып жатқан Сорочин ауылының бірнеше адамын жұмылдырып, елді мекенді қардан айнадай тазартыпты.

Николай осы ауылда туып-өсіп, еңбекке араласты. Анасы осы ауылда тұрады. Бұл жерден кеткісі жоқ. Атамекенін қимайды. Ел азаматы қиындық көрген халқына көмек қолын созуға әрдайым дайын.

– Қардың шамадан тыс көп болуына байланысты жолды ашу жұмыстарына үлкен күш жұмсалды. Осы ретте көмекке келген ауылдың белсенді азаматтары мен көршілес ауылдардың тұрғындарына алғысымызды білдіреміз,- дейді ауылдықтар.

Шұға Қоңқабай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31