Үш-төрт жыл қатарымен ауданымызда 12-жасқа дейінгі балаларға арналып «ДОДА» ойыны өткізілуде

Жоба өз бастауын «Жайдарман» атты көңілді тапқырлар клубынан алады, мектеп жасындағы білім алушыларды КТК қозғалысына тарту мақсатымен  ұйымдастырылады.

Биылғы жылы «Дода» ойынына № 1 Ұзынкөл, Кәмшат Дөненбаева атындағы, Новопокров және Ершов, Обаған жалпы білім беретін мектептерінің «Аламан», «Барыс», «Крутые парни», «Азерол», «Звезды» командалары қатысты.

Бұл мезетте «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қолдауымен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған «Облыстық «DODA» дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасы аясында Кәмшат Дөненбаева мектебінің акт залында Ұзынкөл ауданы оқушыларының іріктеу ойындары өтті. Додаға ауданның 5 мектебінің оқушылары қатысты.

– Командамыз «Барыс» деп аталады. Бірінші ойынға қатысқанымызда біз облысқа барғанбыз. Облыстық ойынның екінші іріктеу кезеңі  Сарыкөлде өтті. Жеңіспен оралдық. Тағы жеңіске жетеміз деп үміттеніп келіп отырмыз, балалар Қостанайда өтетін соңғы ойынға қатысуды мақсат етіп отыр– деді  Обаған жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Уразбекова.

Сайыс қорытындысы бойынша «Барыс» – Обаған ЖББМ құрамасы қыркүйекте өтетін «Шығыс» аймақтық іріктеу ойындарына жолдама алды.

Ойын ұйымдастырушысы Бәкір Марғұланды да әңгімеге тарттық.

– Мен, Бәкір Марғұлан «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директорымын. Бұл байқау Қостанай облысының білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде өткізіліп жатыр. Бұл біздің авторлық жобамыз, ол 12 жасқа дейінгі білім алушыларға арналған. Қостанай облысының 20 өңірінде «Дода» байқауын өткіземіз, бұл ойындардан 1 жеңімпаздарды анықтап, сосын Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс  деп аталған 4 аймаққа бөліп, ойынды осы аймақтарда жалғастырамыз.

Ұзынкөл ауданы Меңдіқара, Сарыкөл, Қарасу, Алтынсарин аудандарымен бірге «Шығыс» аймағына кіреді. 5 ауданның жеңімпаздары қыркүйек айында Сарыкөл ауданында кездесіп жарысады. Финалға шыққан команда содан соң қазан айында Қостанай қаласында өтетін финалға қатысады. Осыдан үш жыл бұрын финалдың жеңімпаздары болды Жанкелді ауданының командасы, былтыр Лисаков командасы жеңімпаз аталды. Биыл, міне, үшінші ойын алдымызда тұр. «Дода» ойынының мақсаттарының бірі – балалардың сабақтан тыс уақыттарын қызықты ету, екіншіден, командалық сана-сезімді қалыптастыру, үшіншілен, креативті, логикалық ойлауды дамыту болып отыр деді.

Ойын бірнеше бөліктерден тұрды. Олардың ішінде зияткерлік сайыс, мобильдік ойындар сайысы, көңілді мәре деп аталған спорттық жарыс және «Өздерін таныстыру» тақырыбындағы «Жайдарман» сайысы ұйымдастырылды. Жарыс өте белсенді, қызықты өтті.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

6 часов назад

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

6 часов назад

Қамысты ауданы: Бақшаны баққа айналдырған

Арқа ауылының тұрғыны ауласын ертегі әлеміне қалай айналдырды? (далее…)

7 часов назад

В Костанайской области с начала пожароопасного сезона произошло 43 лесных пожара

Количество возгораний выросло, однако их общая площадь сократилась почти на 93%. (далее…)

8 часов назад

Денисов ауданының жастары өлке тарихы мен табиғатын зерттеуге ынталы

Денисов ауданында өлке табиғатын, көрікті жерлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Юный турист» үйірмесі жұмыс істейді.…

10 часов назад

This website uses cookies.