Шилі ауылының тұрғыны ауылда кондитерлік өнімдер цехын ашты

Шилі ауылының келіні Арайлым Қасқырбаева мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында стартап жаңа бизнес идея жобалары бойынша қайтарымсыз грант алған ауыл тұрғыны Арайлымның мемлекеттік бағдарлама аясында оқу оқып, өз кәсібін бастауға аудандық жұмыспен қамту орталығына өтініш жасаған болатын. Сол өтініші комиссия отырысында қаралап, он бағасын алған болатын. Бүгінде қайтарымсыз қаржыға қажетті құрал жабдықтар алып, өз кәсібін бастап, ауылдастарының алғысына бөленуде.

Жолдасы Еламан ауылдағы білім ордасына денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Арайлым бала күтіміне байланысты үйде отырған жас ана. Қашанда ауыл әйелінің тіршілігі біткен бе?! Дегенмен еңбекқор жандар үшін бұл күнделікті шаруа болып саналады. Тіптен кейбірі үйде отырып жеке кәсіппен айналысуды құп көруде.

Арайлым Бақытжанқызы көптен бері өз ісін ашуды ойлап жүрген болатын. Осы тілеуін жуырда жоғарыда айтқан бағдарламаның шапағатымен жүзеге асырды.

– Кондитерлік өнімдерді бұрын да дайындадым. Той дастарқанын тәттімен жайнатып жіберетінбіз. Астың түр-түрін пісіремін. Ағайын туыс арасынан бірде ұсыныс түсті. Тәтті тоқаштар пісіріп берсен деген. Уақыт өтегелі күнделікті қызығушлығым кәсібіме айналса деген оймен, аудан орталығындағы кәсіпкерлік палатасына барып, оқу курсынан онлайн өтіп, сертификат алдым. Ауылда текке отыра бермей екі қолға бір күрек қашанда табылады ғой. Бастысы ниет қажет. Өзім сияқты ауыл жастарын мемлекеттік бағдарламаның ұтымды жақтарын пайдалануға шақырамын. Қолдау білдірген жұмыспен қамту орталығына алғысымды білдіремін, – дейді Арайлым Қасқырбаева.

Міне, осындай жастарымыз көпке үлгі. Болашақта Ерсін мен Арайлым кәсіптерін мал шаруашылығы бойынша дамытпақ ниетте. Әрине, кәсібін дамытамын деген жастарға мемлекеттен қашанда қолдау бар.

Науырзым аудандық жүмыспен қамту орталығының директоры Жәнібек Маратұлының айтуынша, бүгінгі текті аудан бойынша 11 қайтарымсыз грант берілген. Алдағы жылы дагрант беру өз жалғасын табады, – деді.

Айбек МЫРЗАҒАЛИ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін»

Продолжая нашу рубрику о жизни в отдаленных уголках района, сегодня мы отправляемся в небольшое село…

1 день назад

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін» и верят, что с…

2 дня назад

Меңдіқара аудандық ауруханасы халық денсаулығы күзетінде

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. (далее…)

2 дня назад

Денисов ауданының Свердлов ауылында мейірімді дәрігер тұрады

Осы күнге дейін қаншама медицина маманымен сұхбаттасыппыз. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.