Спорт пен руханиятты серік еткен арқалықтық жас ұстаз

Жасөпірімдерді кітап оқуға баулуда

Арқалықта жас ұрпақтың жан-жақты дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар аз емес. Солардың ішінде спорттық тәрбие мен рухани құндылықты қатар ұштастырып жүрген білікті маман – Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, тәжірибелі жаттықтырушы Нұрқадыр Әбдіқадыр.
1995 жылы Торғай өлкесінде дүниеге келген ол бала кезінен спортқа бейім болып өсті. Торғайдағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте оқып, спорттық жетістіктерімен көзге түсті. Уақыт өте оның еңбекқорлығы мен табандылығы жемісін беріп, Нұрқадыр Әбдіқадыр күрестен қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды. Бүгінде өз тәжірибесін жас буынға үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде. Сонымен қатар №7 жалпы білім беретін келешек мектебінде «Жас Барыс» үйірмесін жүргізеді.
«Жас Барыс» – тек спорттық үйірме емес. Бұл – жасөспірімдердің бойына тәртіп, табандылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін тәрбие мектебі. Қазіргі таңда үйірмеде 15 бала (12 ұл, 3 қыз) жаттығады. Олардың барлығы – бастауыш сынып оқушылары», – дейді Нұрқадыр Мылтықбайұлы.
Үйірменің ерекшелігі – мұнда физикалық дайындық пен рухани тәрбие қатар жүреді. Жаттығу алдында балалар Абайдың қара сөздерін оқып, талдайды. Сонымен қатар әскери жарыстардың жеңімпазы, спортшы Майдан Мәди Ақылбекұлы туралы «Мәди майдан» кітабы да тұрақты түрде оқылады.
Бұл бағыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз оқитын ұлтқа айналуымыз керек» деген бастамасымен үндесіп жатыр. Нұрқадыр Әбдіқадыр бұл қағидатты тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырып келеді.
Мұндай тәрбиенің нәтижесі де жоқ емес. Үйірме шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Солардың бірі – Төлеу Асхат. Ол Азия кубогының чемпионы атанып, ҚР оқушыларының жазғы гимназиадасында жүлделі орынға ие болды.
Ұстаздың өзі де спорттағы жетістіктерімен үлгі. Ол Қостанай облысында өткен «Ұстаз Барысы» турнирінің жеңімпазы және республикалық «Тау барысы» жарысының жүлдегері.
«Жас Барыс» үйірмесінің басты мақсаты – ел намысын қорғайтын, білімді әрі рухы биік тұлғаларды тәрбиелеу», – дейді жас ұстаз.
Шынында да, спорт пен кітапты қатар ұштастырған мұндай бастамалар бүгінгі қоғам үшін аса маңызды. Себебі дені сау, ойы сергек, рухы биік ұрпақ  елдің ең басты байлығы болса керек.
Ерекше атап өтерлігі – Нұрқадыр Әбдіқадыр жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде “Ұстаз барысы” және “Бала барыс” атты қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырады. Бұл додалар Arқалықтағы ғана емес, Торғайдан шыққан жас спортшылардың да басын қосып, ұлттық спортты дәріптеуге зор үлес қосып отыр. Аталған турнирлер жасөспірімдерге жігер беріп, ұстаздар қауымына спорттық серпін сыйлайтын маңызды іс-шараға айналған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет кейіпкердің өзінен алынды
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Боровчанин Артем Харченко стал обладателем уникальной «шестерки» с 40 летним пробегом

Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…

19 часов назад

Ұзынкөл ауданы Ершов аулында спорт дамуына жаңа екпін беретін спортзал ашылды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…

20 часов назад

Суд в Костанае встал на сторону журналиста Стаса Киселева

Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

20 часов назад

«Какую профессию выбрать?»: в Костанайском районе школьники встретились с представительницей культуры

В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…

21 час назад

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

21 час назад

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

21 час назад

This website uses cookies.