Тəуелсіздік күніне арналды

Қаламыздың  бір шетінде орналасқан ” Мирас” Мəдениет үйінде тəуелсіздік күніне орай 6697 əскери бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс – шара өткізілді

Салтанатты шараның басты мақсаты –  Тəуелсіздік мейрамы қарсаңында еліміздің тыныштығын күзетуге өздерінің лайықты үлесін қосып жүрген үздік əскери қызметкерлерді  анықтап, оларға құрмет көрсету болатын.

Шара барысында ” Шаңырақ жастар” театры өздерінің Желтоқсан оқиғасын қамтитын  көріністерді көпшілік назарына ұсынды.

Мерекелік жиында Отан қорғау қызметінде ерекше көзге түскен  офицерлер мен жауынгерлердің атына жылы лебіздер білдірілді. Сондай — ақ айтулы мамандарға сый — сияпат жасалды.

Кеште барша жиналған қауым өнер шеберлерінің ән- күйлерін тыңдап, рухани ләзатқа бөленді.

                                                                              Сағыныш Ибрагим


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31