«Таным жолы – Торғайдан»

 Облыстық патриоттық байқауы өтеді.

Жоба «Synergy» ғылыми-білім орталығы» қоғамдық қоры тарапынан Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы тапсырысы бойынша әділ мемлекет, біртұтас ұлт және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру және нығайту бастамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Байқаудың басты мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ Торғай өңірінің тарихи рөлін дәріптеу.

Қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер шақырылады: колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыс істейтін жастар, балалары бар отбасылар, сондай-ақ жастар және қоғамдық ұйымдар (Жангелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласын қоспағанда).
Байқау үш кезеңде өтеді:

I кезең – «Патриотизм – бұл біз» бейнероликтер конкурсы.Қатысушыларға туған өлкеге деген сүйіспеншілік, өз отбасының тарихын немесе жастардың ел дамуына қосқан үлесі мен патриотизм туралы түсініктерін көрсететін қысқа бейнеролик жасау ұсынылады.

II кезең – интеллектуалды эстафета.

Қатысушылар Торғай өңірінің тарихы, Қазақстанның көрнекті тұлғалары мен маңызды оқиғалары туралы білімдерін көрсетеді.
III кезең – облыстық финал.

Соңғы кезең интеллектуалды квиз форматында өтеді. Қатысушыларға өңір тарихы туралы заманауи интерактивті форматтағы сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар беріледі.

Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1