Арқалық қаласы бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 2024 жылға 17 қайтарымсыз 400 АЕК гранты бөлінеді.

23 өтініш берушінің алғашқы тоғызы мақұлданды. Комиссияның алғашқы отырысын көктемде өткізу жоспарланған болатын. Алайда, су тасқыны кезеңіне байланысты мерзімі кейінге шегерілді.

Өтініш берушілердің қатарында көп балалы отбасылардың өкілдері, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндігі бар мүгедек адамдар, сондай-ақ мүгедек баланың күтіміндегі отбасы мүшелері бар.

Мемлекеттік грантқа үміткерлердің әрқайсысы тиісті құжаттар пакетін ұсынып қана қоймай, өз жобасын қорғауы керек. Арқалықтықтар шаштараз қызметі, жартылай фабрикаттар цехы, сұлулық салоны, тігін цехтары, балмұздақ шығаратын цех, «Золушка эффектісі» қызметі, кондитерлік цех, мал шаруашылығын дамыту, ойын-сауық орталығын ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету станциясын іске қосу, лазермен кесу және гравюра сынды жобалар ұсынылды.

Баяндамалар мен презентацияларды тыңдағаннан кейін, тиісті комиссияға әсіресе қаражат бөлу саны шектелгендіктен гранттық қаржыландыруға қандай жоба лайықты екендігі туралы шешім қабылдау оңай соқпады. Қалай болғанда да, тіпті комиссиядан өтпеген жобалардың өзі биыл қайталама тыңдауларда қаралады.

Комиссияның кезекті отырысы алдағы уақытта өтеді деп жоспарланған.

Шұға Қоңқабай

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

3 часа назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

4 часа назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

4 часа назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

4 часа назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

5 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

5 часов назад

This website uses cookies.