Торғай ауылының екі көшесіне асфальт төселуде

Қожмұхамбетов және Ы.Алтынсарин көшесіне асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық және республикалық бюджеттен 100,9 млн теңге бөлінді

Мердігер – «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Әзірге құрылыс жұмыстарының сапасы жақсы. Кепілдік мерзімі 3 жылға ұзартылған.

– Біз былтырғы жылы бес көшеге асфальт жабындысын төседік. Ал, биыл аталған екі көше асфальтталды. Торғай ауылы ішіндегі көшелерді жыл сайын қалыптқа келтіру үшін жосапарлы жұмыстар әзірлеп жатырмыз. Сонымен қатар, көшелерге жаяу жүргіншілер жолын төсеу назарымызда. Осы жылы аудан әкімідігі мен «Қазпошта» бөлімшесінің алдына брусчатка төселуде. Мердігер келісім шарт бойынша уақытылы мерзімде аяқтаған соң қабылдап аламыз. Туған жердің гүлденіп көркейуі біз үшін абырой. Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Ел игілігіне қызмет ету басты парызымыз, – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

«Біздің Торғай»


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31