Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Басты мақсат – оқушылардың бойына отансүйгіштік қасиет сіңіріп, ел алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Республика күні – Қазақстанның егемендігін айқындаған тарихи белестің символы. Бұл мереке жас ұрпаққа ел тарихын танытып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған орай Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде мерекелік онкүндік аясында тәрбиелік мәні зор бірқатар шара қолға алынған.

Мектептің тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыруға және оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Онкүндік бағдарламасына патриоттық челлендждер, кітап көрмелері, танымдық сабақтар, зияткерлік ойындар, сурет байқаулары мен пікірсайыстар енгізілген.

Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Таласованың айтуынша, мұндай шаралардың негізгі міндеті – оқушыларға елжандылықтың мәнін түсіндіріп, Отан алдындағы жауапкершілікті күнделікті өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

«Республика күні – өскелең ұрпаққа еліміздің тарихын танытып, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын маңызды мереке. Біз үшін оқушылардың мемлекеттік рәміздерді құрметтеп қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін білетін, заңды сыйлайтын, қоғам өміріне белсенді араласатын азамат болып қалыптасуы маңызды. Сондықтан онкүндік аясындағы әрбір іс-шараны тәрбиелік мәні бар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін мазмұнда ұйымдастыруға басымдық беріп отырмыз», – дейді Меруерт Таласова.

Онкүндік аясында «Туған жерім – алтын бесігім» атты әдеби-танымдық кеш өткізу жоспарланған. Кеш барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, туған елге арналған әндерді орындап, Қазақстан тарихына қатысты білімдерін ортаға салады. Мұндай кездесулер балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Мерекелік шаралар тек сахналық қойылымдармен және танымдық сабақтармен шектелмейді. Мектеп ұжымы мен оқушылары «Таза Қазақстан» бастамасы аясында мектеп аумағын тазалау жұмыстарына да қатысуда. Бұл арқылы өскелең ұрпаққа туған жердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту және қоғамдық іске үлес қосу мәдениеті насихатталады.

«Біз балаларға Отанды сүю тек сөзбен шектелмейтінін түсіндіруге тырысамыз. Өз мектебіңнің ауласын таза ұстау, туған жеріңді көркейтуге атсалысу, айналаңа жауапкершілікпен қарау – азаматтық мәдениеттің бір бөлігі. Осындай қарапайым істер арқылы оқушылардың бойында еңбекқорлық, жанашырлық және ортақ іске жауапкершілікпен қарау қасиеттері қалыптасады», – деп атап өтті Меруерт Таласова.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 час назад

Школа в селе Урожайное, что в Сарыкольском районе, неновая, но… удивительная

Смотрится она так, словно её только что «одели в новые одежды». (далее…)

20 часов назад

Қарасу арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының басшысы марапатталды

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді. (далее…)

1 день назад

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 день назад

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

2 дня назад

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

2 дня назад

This website uses cookies.