«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті.
Байрақты бәсекеде аудан намысын қорғаған «Торғай» құрамасы сахнада өнер көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.
Облыстық деңгейдегі сайыста команда мүшелері тапқыр әзілдерімен, сахналық шеберлігімен және тың идеяларымен ерекшеленуге тырысты. Жартылай финалға дайындық барысында жастар өзара бірлесе жұмыс істеп, қойылымдарының мазмұны мен сапасына ерекше көңіл бөлді.
-«SUPER LIGA» жартылай финалына қатысу команда мүшелері үшін үлкен мәртебе әрі ерекше тәжірибе болды. Аудан намысын қорғап, сахна төрінде өнер көрсету – зор жауапкершілік. Бұл сайыс бізге жаңа шабыт, ерекше әсер және мол тәжірибе сыйлады. Өз өнерімізді көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленгенімізге қуаныштымыз, – дейді «Торғай» құрамасының мүшесі Нұртілек Дәулетұлы.
Оның айтуынша, команда алдағы уақытта да ауданның атын асқақтатып, биік белестерді бағындыруға күш салмақ. Сондай-ақ ол өздеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысын жеткізді.
Жайдарман – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ой ұшқырлығын дамытатын, сахна мәдениетін қалыптастырып, топпен жұмыс істеуге баулитын маңызды алаң. Осындай байқаулар жас өнерпаздарға тәжірибе жинақтап, өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік береді.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31