Шилі ауылының жастары туған жеріне тосынсый жасады.
2001 және 1981 жылы туған ауыл азаматтары 1,5 миллион теңгеге заманауи стела орнатып, елді мекеннің көркін кіргізді.Шалғайдағы Шилі ауылында жұрттың назарын бірден аударатын жаңа нысан пайда болды. Ауылдың жаңа белгісін жасауға екі буынның – 1981 және 2001 жылы туған жастардың демеушілік қаражаты жұмсалған. Жұмыс екі күнде аяқталған. Жалпы шығын көлемі – 1 миллион 500 мың теңге. Сүйінші жаңалықты біздің редакцияға Шилі ауылдық округінің әкімі Ербол Досмағанбетов жеткізді.
Ауыл азаматтарының бұл бастамасы – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі. Заманауи үлгіде жасалған стела енді Шилінің өзіндік визит карточкасына айналмақ.
Жаңа нысанның пайда болғанына әсіресе ауыл оқушылары қуанышты. Олардың айтуынша, соңғы уақытта елді мекеннің келбеті өзгеріп, ауылға көңіл бөлініп келеді.
«Ауылымыз көркейіп келеді. Осындай жұмыстар көбейсе, ауылдың ажары да өзгере түседі», – дейді Шилі ауылының оқушылары.
Ал ауыл тұрғындары үшін мұндай бастаманың тағы бір мәні бар. Өйткені нысан дайын күйінде сырттан келген инвестиция есебінен емес, туған ауылда дүниеге келген азаматтардың өз демеушілігімен жасалған.
Ауыл жастарының бұл қадамы басқа азаматтарға да үлгі болмақ. Біреуі абаттандыруға үлес қосса, енді бірі ауылға спорт алаңын, саябақты немесе осындай атаулы нысан сыйлай алады.
Шилідегі жаңа стела – қарапайым ғана құрылыс емес, туған жерге деген байланыстың белгісі. Бүгінде шалғай ауылдардың жастары да өз елді мекенінің заманауи әрі көрікті болғанын қалайды.
Қазір ауылға кірген тұрғындар мен қонақтардың назарын жаңа стела бірден аударады. Заманауи үлгіде жасалған арт-нысан Шилінің өзіндік белгісіне айналып келеді. Ауыл жастарының айтуынша, тек сәндік нысан емес, туған жерге деген құрметтің көрінісі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған – ауыл әкімі
«В кадре — закон, в поступках — ответственность». Что значит уважать закон в повседневной жизни?…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
Как начать работать на себя, оформить своё дело и разобраться в налоговых обязательствах? (далее…)
В ходе рейдов стражи порядка посетили порядка 40 магазинов района. (далее…)
Труппа еще не вернулась на родину, но уже шлет отзывы на то, как их встретили…
В канун Дня Республики в селе Троебратское Узункольского района громко звучала музыка и колыхались разноцветные…
This website uses cookies.