Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Тоқсан жылдық ғұмырын елмен бірге өріп, Торғай жұртының құрметіне бөленген Күнжамила Есекейқызын мерейлі жасымен Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев арнайы барып құттықтап, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатын табыстады.
Облыс әкімінің құттықтауында Күнжамила Есекейқызының өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегіне ерекше тоқталған.
«Сізді 90 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Торғай елінің ардақты қызы, өнегелі ғұмырыңызбен ел құрметіне бөленген Сіздің өмір жолыңыз бен елге сіңірген еңбегіңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі», – делінген құттықтау хатта.
Күнжамила апа жастайынан еңбекке араласып, ауыл тіршілігіне етене араласқан. Жас кезінде қой бағып, маңдай терімен еңбек еткен қарапайым ауыл қызының есімі кейін елге кеңінен танылды. Оның тағдырына арқау болған «Торғай қызы» әні бүгінде Торғай өңірінің өзіндік әнұрандарының біріне айналғандай.
Құттықтау хатында Күнжамила Есекейқызының отбасындағы орны да атап өтілген. Ол Қабдыраш ағамызбен шаңырақ көтеріп, Төлебаевтар әулетіне ардақты келін атанды. Бүгінде ұл-қызынан немере-шөбере сүйіп отырған аяулы ана, ардақты әже.
Тоқсан жас – адам өміріндегі айтулы белес. Бұл – талай жылды артқа тастап, өмірдің қуанышы мен сынағын көріп, кейінгі ұрпаққа өнеге қалдырған кемел шақ.
Күнжамила апаның өнегелі өмірі, қарапайым болмысы мен елге деген ақ ниеті – кейінгі буынға үлгі. Бүгінде ақ батасын беріп, ұрпағының ортасында отырған ардақты ана ел-жұртының ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет аудан әкімдігінен алынды
Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Праздничное мероприятие ко Дню учителя в Аулиекольском районе началось необычно. (далее…)
Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…
Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
This website uses cookies.