Оның ішінде 12 жарыста жеңімпаз атанды.
Торғай өңірінде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Өткен жылы Жанкелдин ауданының спортшылары 32 жарысқа қатысып, 54 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 12 жарыста жеңімпаз атанды.
Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жиында Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев қашықтықтан қосымша баяндама жасады.
Бүгінде өңірде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыста спорттың 18 түрімен 69,5 мың бала мен жасөспірім айналысады. Соңғы үш жылда 30-дан астам спорт нысаны салынып, 80-нен астам спорт алаңы пайдалануға берілген.
Жанкелдин ауданында қазіргі таңда 60 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етіп тұр. Оның ішінде 1 стадион, 2 спорт кешені, 1 ашық хоккей корты және 22 спорт залы бар. Сонымен қатар 34 спорт алаңы жұмыс істейді.
Өткен жылы ауданда бірқатар спорт нысандары пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақкөл ауылында шағын футбол алаңы салынды. Торғай ауылында жабық хоккей кортының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ стадион жаңартылып, спорт алаңдарына жаңа жабын төселді.
Ауданда 4,4 мыңнан астам адам спортпен тұрақты түрде айналысады. 198 спорт үйірмесі жұмыс істейді. Былтыр 521 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 14,5 мыңға жуық адам қатысты.
Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа кеңінен тарту және спорт инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасын табады. Бұл шаралар тұрғындардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер етеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.