Торғайда 72 бейнебақылау камерасы орнатылды

Қаупісіздік үшін маңызды

Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында 72 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жаңа камералар ауылдың адам көп шоғырланатын және қоғамдық маңызы бар аумақтарына қойылған. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін бақылау үшін үш жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылды.

Жангелдин ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Ермек Оразбаевтың айтуынша, бөлім жанынан шағын жедел басқару орталығы салынып жатыр. Орталыққа жаңа камералар қосылады.

«Жедел басқару орталығына келіп түскен әрбір шағым бойынша оператор оқиға орнын жедел зерделей алады. Құқық бұзушылық болған жағдайда оны дер кезінде анықтап, тиісті шара қолдануға мүмкіндік туады», – деді Ермек Оразбаев.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бейнебақылау жүйесі қоғамдық тәртіпті сақтауға ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да көмектеседі. Атап айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс асыру, жол ережесін бұзу және көлікпен жарысу сияқты жағдайларды бақылауға мүмкіндік бар.

Тұрғындар да жаңа камералардың орнатылуын оң бағалап отыр. Олардың пікірінше, бейнебақылау әсіресе жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.

Бұған дейін Торғай ауылында әкімдік қаржысы есебінен 21 бейнебақылау камерасы орнатылған болатын. Жаңа 72 камера қолданыстағы жүйені толықтырды.

Жаңа бейнебақылау жүйесіне қажетті қаражатты Қостанай облысы полиция департаменті бөлген.

Қазір аудан аумағында Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз республикалық автожолы салынып жатыр. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін қажеттілікке қарай камералар мен жылдамдық өлшегіш құрылғылардың саны көбейтілуі мүмкін.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бейбіт Нұрмұханов

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

11 часов назад

Урок мужества: с девятиклассниками Тобыла встретился ветеран МВД

Павел Щедрин более 25 лет заведовал музеем департамента полиции. (далее…)

11 часов назад

В селе Денисовка подходит к концу осенний сезон цветочного оформления

Подрядная организация ИП «Пастушок» приступила к финальной уборке клумб и очитке территорий. (далее…)

13 часов назад

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

17 часов назад

Денисовские спортсмены завоевали золото на областном турнире «Ауыл Спорт – 2026» и отправятся на республику

В Костанае подвели итоги областного этапа соревнований «Ауыл Спорт – 2026». (далее…)

17 часов назад

This website uses cookies.