Торғайда «Ауыл аманатының» игілігін көргендер көбейіп келеді

Талғат Балтабаев мал басын көбейтпек.

Жанкелдин ауданында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған Ауыл аманаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты нәтижелерін көрсете бастады. Мемлекеттік қолдаудың бұл тетігі ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың табысын арттыруға мүмкіндік беруде.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елнұр Иманғалиевтің айтуынша, бағдарлама аясында тұрғындарға жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген микрокредиттер ұсынылады. Несие мерзімі кәсіп бағытына қарай 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін қарастырылған. Қарыз сомасы 10,8 млн теңгеге дейін, ал кооперативтер үшін 34,6 млн теңгеге дейін жетеді.

Қазіргі таңда Тобыл ӘКК арқылы аудан тұрғындарынан 4 өтініш қабылданған. Оның үшеуі мақұлданып, 24,7 млн теңге көлемінде қаржы берілген. Қалған бір өтініш мал шаруашылығына бөлінген қаржының игерілуіне байланысты уақытша тоқтап тұр.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жеңілдікті кезең де қарастырылған. Бұл олардың алғашқы уақытта қаржылық жүктемесін азайтып, кәсібін жолға қоюына мүмкіндік береді. Құжаттарды рәсімдеу барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Бағдарламаның нақты нәтижесінің бірі – Торғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Талғат Балтабаев. Ол 7,5 млн теңге несие алып, жылқы шаруашылығын дамытуға кіріскен.

– Бағдарламаның тиімділігі жоғары. Төмен пайыз, ұзақ мерзім – үлкен мүмкіндік. Осы қаржыға 11 бас аналық бие сатып алдым. Алдағы уақытта қымыз өндірісін қолға алсам деймін. Қазір жылқылар жайылымда, кейбірі буаз, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, болашақта тек мал басын көбейтіп қана қоймай, қымыз өндірісін жолға қойып, нарыққа шығару жоспарда бар.

Жалпы, ауданда бағдарламаға қызығушылық артып келеді. Тұрғындар мал шаруашылығы, шағын өндіріс және қызмет көрсету бағыттары бойынша жобаларын ұсынып, мемлекеттік қолдауға ие болуда.

Мамандардың айтуынша, несиелеу шарттары туралы толық ақпаратты Тобыл ӘКК сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бөлімі құжаттарды рәсімдеуге және порталға енгізуге көмектеседі.

Жалпы, Ауыл аманаты бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне тың серпін беріп, өңір экономикасының дамуына оң ықпал етуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер Талғат Балтабаевтан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін»

Продолжая нашу рубрику о жизни в отдаленных уголках района, сегодня мы отправляемся в небольшое село…

1 день назад

Жители села Долбушка Мендыкаринского района возлагают большие надежды на ТОО «Егін» и верят, что с…

2 дня назад

Меңдіқара аудандық ауруханасы халық денсаулығы күзетінде

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. (далее…)

2 дня назад

Денисов ауданының Свердлов ауылында мейірімді дәрігер тұрады

Осы күнге дейін қаншама медицина маманымен сұхбаттасыппыз. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.