Торғайда қазақы салтты ұстанған Светлана

Қарғалы ауылындағы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі.

Құбылмалы заманда бірлік пен татулықтың қадірі бұрынғыдан да арта түсті. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында біз ұлттар арасындағы сыйластықтың шынайы көрінісін танытып жүрген кейіпкермен таныстыруды жөн көрдік.

Жанкелдин ауданына қарасты Шеген ауылы, Қарғалы қонысында тұратын Светлана Алматова – қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанып жүрген өзге ұлт өкілі. Орыс қызы болса да, ол қазақ тілінде еркін сөйлеп, ауыл өміріне толық бейімделген.

Светлана 1986 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Әкесі – татар, анасы – орыс ұлтынан. Виктор мен Шура есімді ата-анасы осыдан шамамен 30 жыл бұрын Торғайға қоныс аударған. Әкесі алғашында мал дәрігері болып еңбек етіп, кейін мал шаруашылығымен айналысқан.

Бала кезінен еңбекке ерте араласқан Светлана қой бағып, сиыр сауып, атқа мініп, үй шаруасына көмектесіп өседі.

«Әкем әрдайым сенім білдіріп, көп нәрсеге үйретті», – дейді ол.

Кейін қазақ мектебінде білім алып, ауылдағы қазақ отбасының тәрбиесін көреді. Нағашыбай ата мен Ермек апаның қамқорлығында болып, сол шаңырақта қазақы тәрбие алады.

«Мені қазақ отбасы бауырына басып, өз баласындай тәрбиеледі. Сол үйдің балалары да маған туған бауырларымдай», – дейді кейіпкер.

18 жасында өз махаббатын жолықтырған Светлана 19 жасында тұрмысқа шығып, Қарғалы ауылының тумасы Исамен шаңырақ көтереді. Қазақы дәстүрмен өткен тойдан кейін күйеуінің тегін алып, ислам дінін қабылдап, мешітте неке қидырады.

«Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққаныма ешқашан өкінген емеспін. Маған бәрін үйреткен әулетіме алғысым шексіз», – дейді ол.

Бүгінде олар Қызжібек есімді қыз тәрбиелеп отыр. Қыздары қазақ мектебінде білім алып, қазір Қостанайдағы колледжде оқып жүр.

Светлана ауыл тіршілігінің адамдарды жақындастыратынын айтады. Сондықтан да ол ұлттық дәстүрді берік ұстанады.

«Наурыз мейрамында қонақ шақырып, бауырсақты өзім пісіремін. Сиыр саууды білемін. Тек бие сауғаннан басқасының бәрі қолымнан келеді», – деп күледі ол.

Оның айтуынша, 1 мамыр – түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін айқындайтын ерекше мереке.

«Бұл күн бейбітшіліктің қадірін түсінуге мүмкіндік береді», – дейді кейіпкер.

Қазір Светлана сексеннен асқан әкесін қолына алып, отбасының ұйытқысы болып отыр.

«Оқуға түсе алмадым, өйткені ата-анама көмектесуім керек болды. Үйдің ұлы да, қызы да өзім болдым», – дейді ол.

Қарапайым еңбек пен сыйластықты ту еткен бұл отбасының өмірі — ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің жарқын үлгісі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Еще 4 села в Костанайской области отказались от алкоголя

В регионе проводятся разъяснительные работы о вреде спиртных напитков. (далее…)

9 минут назад

Супруги Мырзасарины из Наурзумского района за 13 лет совместной жизни выстроили настоящую крепость семейного счастья

На казахстанской земле на протяжении многих десятилетий мирно сосуществуют представители более 130 национальностей. Они строят…

5 часов назад

Наурзумский район активно участвует в ежегодной акции «Марш парков»

Напомним, это международная общественная акция, которая проводится ежегодно для поддержки и сохранения заповедников, национальных и…

5 часов назад

Денисов өнерпаздары облыстық фестивальде ерекше көзге түсті

Қостанай облысының аумағында «Өнеріміз саған, Қазақстан!»  шығармашылық керуені бастау алды. (далее…)

5 часов назад

Қарасуда өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына беруде

Қарасу ауданында өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде білім алуға ынта білдіруде. (далее…)

5 часов назад

Науырзымдық жас былғары қолғап шеберлері сынға түскен дүбірлі дода

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде. (далее…)

5 часов назад

This website uses cookies.